COVID-19 vs QazaqstanАлматы қаласыЖаңалықтар

Алматыда кинотеатрлар қайтадан ашылды

5
(1)

Алматы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов шаһарда кинотеатрлар бүгіннен, яғни 17 сәуірден бастап қайта ашылатынын мәлімдеді.

Департамент басшысының айтуынша, «қызыл» аймақ жағдайында кинотеатрларға келушілердің QR-коды билет кассасы аймағына кіреберісте сканерленеді.

«Қызыл» немесе «сары» статус анықталған жағдайда алдын ала сатып алынған билет қайтарылады. «Кинотеатрларда бес жасқа дейінгі балалар QR-кодты сканерлеуден босатылады, яғни олардың белгісі «жасыл» болады. Кейінірек балалар арасында коронавирус деректерін ескере отырып жас ерекшелігін қайта қарастырамыз», – деді Сәдуақас Байғабылов.

Айта кетерлігі, «Ashyg» жобасы бойынша 15 сәуір күні коронавирус жұқтырған 24 алматылық фитнес, бассейн, боулинг және компьютерлік клубтарға кіргізілмеген.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button