ЖаңалықтарҚоғам

Алматыда да карантин күшейтілді

1
(1)

Алматы облысының бас санитар дәрігері «карантин режимі және өңір аумағында кейбір шектеу шараларын енгізу туралы» жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.

Қаулы бойынша, 19 қазан күні таңғы сағат 7.00-ден бастап Алматы облысында карантин күшейтіледі. Мына нысандардың жұмысы тоқтайды:

– Сыйымдылығы 50 адамнан асатын қоғамдық тамақтану объектілері (асханалар, дәмханалар, кофе, мейрамханалар және басқа да мекемелер);

– 15 адамға дейінгі кезекші топтарды қоспағанда, барлық мектепке дейінгі ұйымдар;

– Барлық ойын-сауық объектілері (түнгі клубтар, көрмелер, бильярд және компьютерлік клубтар, балалар ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы батуттар және басқалар).

Сонымен қатар өңірде ойын-сауық спорттық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, семинарларды, сондай-ақ отбасылық, естелік және салтанатты іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Бұдан басқа, бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 3-тен аса адамның бірге жүруіне тыйым салынады, сондай-ақ 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуына шектеу енгізіледі.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close