COVID-19 vs QazaqstanЖаңалықтар

Елімізде коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар көбейіп жатыр

0
(0)

Өткен тәулікте елімізде коронавирус пен COVID-19 белгісі бар пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Өткен тәулікте пневмонияның 158 жағдайы тіркеліп, төрт науқас ауру салдарынан көз жұмды.

Ал 1 тамыздан бері елімізде 35 717 жағдай тіркелсе, 28 165 науқас сауығып шығып, 380 адам қайтыс болды.

Елімізде соңғы бір тәулік ішінде 100 адам коронавирус індетін жұқтырып, 5 адам қайтыс болды.

Қазіргі уақытта 2 593 адам, оның ішінде 125 бала коронавирустық инфекциядан емделіп жатыр. Ауруханаларда 1 995 науқас, амбулаториялық деңгейде 598 пациент ем қабылдауда. 80 адамның жағдайы ауыр, 13-і өте ауыр және 12 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Еске салайық, Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырған адамдардың саны 109 302-ге жетті. Оның ішінде 104 921 науқас айығып шығып, 1 768 адам көз жұмды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close