ЖаңалықтарТүркістан облысы

9 баласы бар жалғызбасты әке: балаларымның несібесін көріп отырмын

3
(2)

Түркістан облысының Келес ауданында 9 баланы жалғыз асырап отырған ер азамат тұрады. Қанәділ Жұмабаев үй іргесіндегі 15 соттық жылыжайына қызанақ, қияр егіп, балаларының несібесін алып отыр, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

Кәсіпкерлік салаға бет бұрған шаруа мемлекет тарапынан берілген көмекті місе тұтып, үй іргесінен 15 сотық жерге жылыжай салды. Нәтижесінде, ерте көктемнен қызанақ, қияр өнімін егіп, күзге қарай жерін жыртқан. Сөйтіп қырыққабаттың көшеттерін сатып, пайда табуды көздеуде. Қолы қалт еткенде, ел арасында құрылыс жұмыстарына шығып, қосымша табысын еселеуде.

Ол сондай-ақ, «Еңбек» бағдарламасы аясында Біртілек ауылдық округіндегі «Алтын ай» балабақшасына күзетші болып тұрақты жұмысқа тартылған.

«Жылыжай істеп, бала-шағаның бұйырған несібесін алудамыз. Балалар көмектеседі. Олардың көмектескені маған, үйренгені өздеріне жақсы ғой. Одан қалса, ауылдың ішіндегі құрылыс жұмыстарына араласамын. Нақтырақ айтсам, үйдің төбесін жабуды қосымша кәсіп еткенмін», – дейді көп балалы әке Қанәділ Пернеханұлы.

Айта кетейік, балаларының үлкені – 20 жастағы студент. Ал, кенжесі 4 жасқа енді толған.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close