Жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрі қызметінен қуылды

0
(0)

Бразилияның президенті Жаир Болсонару елдегі денсаулық сақтау министрі Энрике Мандеттаны қызметінен босатты. Бұл туралы министр өз Twitter парақшасында жариялады деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі Iz.ru-ға сілтеме жасап.
«Мен жаңа ғана президент Жаир Болсонарумен кездестім. Ол менің қызметтен босағаным туралы хабарлады,»-деп жазған. Сондай-ақ ол әріптестеріне және өзінен кейін қызмет тізгінін ұстайтын жанға сәттілік тілеген.
Мандетта Бразилияның бірқатар губернаторлары секілді коронавирус індетінің таралуының алдын-алу үшін әлеуметтік шектеулердің қажет екендігін ұстанушылардың бірі болған. Ал президент Болсонару коронавирус инфекциясын «жай тұмау» деп есептейді. Және де елдегі экономикалық құлдырау індеттен оқшаулаудан да орасан қауіп төндіретінін айтқан. Сонымен қатар Мандетта безгек ауруын емдейтін дәрі-дәрмектің COVID-19 инфекциясын емдеуде дәрменсіз екенін алға тартқан.
Осылайша президент пікіріне қарсы келген министрді жұмысынан босатуды жөн санаған. Денсаулық ісінің жаңа басшысы болып, Болсонарудың компаниясында қызмет атқарған онколог Нельсон Тейч тағайындалды.
Бүгінде Бразилия мемлекетінде 30 мың адамнан коронавирус инфекциясы анықталып, 1,9 мың адам індеттен көз жұмған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close