Жаңалықтар

Сұмдық! Көліктің бензині азайып қалмасын…

Бір қызығы, пандемия тұсында әлемде көлік қозғалтқышының бұзылуы, бензин насос пен басқа да жанармай жағу жүйесімен байланысты ақаулар аз болған екен, деп newsroom.kz жазады massaget.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Мұның себебі неде деп ойланған автосүйер қауым мынандай қарапайым, бірақ маңызды деректі байқаған.

Пандемия кезінде ел-жұрттың бәрі «апокалипсистен» қорқып, көлікке толтырып бензин құйып алғаны жасырын емес. Көлікті бұзылмауына септігін тигізген де – осы нәрсе.

Мәселе мынада. Көліктің бензин құятын багы бос қалса, ішіне ауа жиналып, кейін конденсацияның кесірінен ауа бу мен суға айналуы мүмкін. Конденсат құбылысы – күн суытқанда, жауын-шашын жауғанда болатын кәдімгі булану құбылысы. Көлік терезесінің жауын-шашында буланып кететіні – осы конденсат құбылысынан.

Енді дәл осындай процесс көліктің бензин құятын багында да болатынын елестетіп көріңіз. Бактың бос орнына ауа кіріп, ылғал мен буға, суға айналғаннан кейін, ол бензин насос пен жанармай тарту жүйесіне түседі. Содан насос жиі істен шығады. Насостың ішінде тұрып қалған ылғал кейін коррозияға әкелуі де мүмкін.  

Шешімі:

Мұның шешімі оңай. Бакта барынша ауа аз болуы тиіс. Ол үшін бакты толтырып жүрген абзал.

Бірақ бакты күнде толтырып жүру керек деген сөз емес бұл. Бак кішкене азайып қалса-ақ болды, бензин құюға асығудың қажеті жоқ. Көліктің жанармай тарту жүйесі шамалы ылғалға бейімделіп жасалған. Мұндағы басты ұстанатын нәрсе – бак жиі босап қалмауы тиіс. Яғни, ылғалдың көп әрі жиі жинала бергені дұрыс емес.

Оны шешудің екі жолы бар.

– Бензин датчигін қызылға түсірмеңіз. Ондай жағдайлар аз болсын.

– Егер көлікті ұзаққа тоғытып кететін болсаңыз, онда багына бензинді толтырып құйып кетіңіз.

Сонда бензинсорғыш бұзылмай ұзақ жұмыс істейді.

Фото: autonews.ru

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.