Жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда автоматтандырылған кинотеатрлар ашылды

0
(0)

Оңтүстік Кореяда кинотеатр иелері көрермен өзін қауіпсіз сезінуі және COVID-19 вирусын жұқтырып алудан қорықпауы үшін автоматтандырылған жүйе бойынша жұмыс істейтін болды.

Variety басылымы хабарлауынша, бұл жүйе бүкіл әлемде алғаш рет қолға алынған.  Мысалы, Ёыйдо аралындағы CJ-CGV кинотеатрлар желісінің залдарында қызметкерлерді роботтар алмастырды және билеттерді сатып алу және сканерлеуге арналған автоматты кассалар орнатылды.

Сонымен қатар көрермендерге басқа адамдармен байланыссыз-ақ арнайы мобильді қосымша арқала тамақ пен сусындарға тапсырыс беруге мүмкіндік жасалған.  Осыған ұқсас жүйе Lotte Cinema желісіне тиесілі 130 кинотеатрдың 22-сіне енгізілген. Келушілер билеттерді брондауға, айырбастауға, алуға және тағамдарға тапсырыс беру үшін AI киосктерді пайдалана алады.

Сілтеме

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close