Жаңалықтар

Бас мүфти Қадір түнінде мешіттер жабық болатынын ескертті

0
(0)

Мешіттер кешкі 20.00-ге дейін ашық болады. Сондықтан Қазақстан мұсылмандары қасиетті Қадір түнін үйде қарсы алады

Коронавирустың таралуына байланысты биыл қазақстандықтар Қадір түнін үйде қарсы алады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.

Биыл Қадір түні мамыр айының 19-нан 20-на қараған түнге түсіп тұр.

«Бұл түнді үйде қарсы алу қажеттігін баса айтқым келеді. Мешіттер тек күндізгі уақытта таңғы сағат 07.00-ден кешкі 20.00-ге дейін ашық болады», – деді бас мүфти онлайн брифингте.

Наурызбай қажы Тағанұлы мешіттер түнде жабық болатынын ескертті.

Бұған дейін бас мүфти мешітке келетін жамағатқа қандай талаптар қойылатынын айтқан еді.

Адамдар маска және қолғап киюге міндетті. Сонымен қатар, оларға мешітте он бес минут ғана кіруге рұқсат етіледі.

Жамағат таңғы сағат жетіден кешкі сегізге дейін мешітке келіп, пітір садақа бере алады.Сілтеме 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close