Жаңалықтар

Түркияда Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жылдығына орай естелік монета шығарылды

Монетаның бет жағында Қазақстанның мемлекеттік туы мен түрікше «Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы» жазуы орын алған

 

Ыстанбұлда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған естелік монетаның тұсаукесері өтті, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шараға Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы, Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Әлім Байел, Түркия Теңге сарайының директоры Абдуллаһ Ясир Шахин, зиялы қауым өкілдері мен журналистер қатысты.

Күмістен соғылған монетаның дизайнын Теңге сарайымен бірлесіп әзірлегендіктерін айтқан Бас консул Әлім Байел онда еліміздің терең тарихы мен Түркі әлемінің қара шаңырағы ретіндегі ролін айқындағандықтарын айтты.

Елші Абзал Сапарбекұлы монетаның бауырлас Түркияның қастерлі Тәуелсіздігіміздің мерейлі тойына жасаған ерекше сыйы ретінде түрік елінің Қазақстанға деген ыстық ықыласының белгісі екендігін мәлімдеді.

Өз кезегінде, Абдуллаһ Ясир Шахин өзі басқарып отырған Түркия Республикасы Теңге сарайының 1467 жылдан бастау алатынын айта келе, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына осындай тарту жасаудың өздері үшін үлкен қуаныш екендігін жеткізді.

Монетаның бет жағында Қазақстанның мемлекеттік туы мен түрікше «Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы» жазуы орын алған. Сырт жағының ортасында Қазақстанның картасы бейнеленген. Картаның ішінде латын әріптерімен қазақша «Qazaqstan» деп жазылған.

Сондай-ақ, картада қазақ жеріндегі бірқатар тарихи мемлекеттердің атаулары түрікше жазылған. Атап айтқанда, олар: сақтар, ғұндар, Түрік қағандығы, Алтын Орда мен Қазақ хандығы. Реверстің үстінгі жағында Орхон-Енисей ескерткіштеріндегідей көне түркі жазуымен «Түрік» деп жазылған. Астынғы жағында қошқармүйіз оюы бейнеленген.

31 грамм күмістен құйылған және құны әлдеқайда жоғары монетаның номиналды бағасы 30 түрік лирасы. Ә. Байел әдетте мұндай монеталардың 20 лиралық номиналға ие болатынын, алайда түрік тарапының Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қазақстан үшін бұл ережені өзгерткендігін айтты.

Естелік монета Түркия Теңге сарайының ресми сайтында сатылымға шығады. А. Сапарбекұлы мен Ә. Байел шектеулі санмен шыққан монетаның отандық, түрік және әлемдік коллекционерлердің үлкен қызығушылығына ие болатынына деген сенімдерін білдірді.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.