Жаңалықтар

Елордада таксистер жаппай вакцина алды

«Вакцинаның алғашқы компонентін 40-қа жуық жүргізуші алды. Олардың бәрі өзін жақсы сезінеді.

Қазіргі уақытта қалалық кәсіпорындар эпидемиологиялық жағдайдың ауырлығын түсіне отырып, өз қызметкерлерін иммундауды жүргізуде.
Елордалық такси жүргізушілері Нұр-Сұлтандағы жаппай вакцинация науқанына қосылды, деп қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Вакцинациядан өтетін компаниялардың көбі қаланың медициналық мекемелерінің жанынан құрылған мобильді бригадалардың қызметін пайдаланып, тікелей жұмыс орындарында вакцина қабылдап жатыр. Бұл әдіс қызметкерлердің жұмыс уақытын алмайды. Мысалы, «СМЭУ Астана» ЖШС №5 қалалық емхананың мобильді тобын шақырды. Алғашқы күні 80 адам егілді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 70%-ын құрайды. Вакцинаның екінші компоненті осы жылдың 24 шілдесінен кешіктірілмей ұйымдастырылады.

Вакцинациядан толық өтетін компаниялар қатары көбейіп келеді. Бүгін «Регион» таксопаркінің қызметкерлері жаппай вакцинациядан өтті. Мекеме директоры Самат Қалымбетовтің айтуынша, қызметкерлердің басым бөлігі тұрғылықты жері бойынша медициналық мекемелерде және сауда орталықтарында иммундаудан өткен. Қалғандары жақын арада вакцина алады.

«Вакцинаның алғашқы компонентін 40-қа жуық жүргізуші алды. Олардың бәрі өзін жақсы сезінеді. Жүргізушілеріміздің бәрі иммундаудан өтуге ниет білдірді», — деді «Регион» таксопаркінің директоры Самат Қалымбетов.

Айта кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше елордада вакцинаның бірінші компонентін 304 мыңға жуық адам алды, 183 мыңға жуық қала тұрғыны толық иммундаудан өтті.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.