ЖаңалықтарПавлодар облысы

086 емес: 200 адамға вакцинация паспортын сатқан дәрігер ұсталыпты

0
(0)
Жалған вакцина паспорты саудасы күннен-күнге қызып барады. «Вакциналанды» деген өтірік қағаз сатқаны үшін тағы үш ақ халатты ұсталды. Бұл жолы павлодарлық дәрігерлер 200-ден астам екпе құжатын саудаға салғаны үшін күдікке ілінді.
Жедел-іздестіру шаралары барысында қаладағы бір емхананың басшысы мен оның қоластындағы екі мейірбикенің азаматтардан ақша алып, вакцина салмай-ақ, егілгендер базасына қосып отырғаны анықталды. Еске сала кетейін, бұдан бөлек ішкі істер қызметкерлері қазір жалған вакцинация паспорттарына байланысты төрт қылмыстық істі қарап жатыр. Оның екеуі – Алматыда, тағы екеуі Алматы және Ақмола облыстарында қозғалған. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.
 ЖАСҚАЙРАТ ҚАЙЫРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
«Сонымен, емхана меңгеруші, мамандығы бойынша жалпы практика дәрігері, сондай-ақ осы емхананың екі медбикесі белгілі бір ақша сомасына вакцинацияның деректер базасына жалған тіркеу жасаған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 385-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстың мән-жайы анықталуда».

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button