Жаңалықтар

Коронавирус пайда болған Ухандағы құйын (фото)

4.3
(34)

Қытайдың Ухан қаласын ұршықша иірген құйын салдарынан 7 адам қаза тапты. 200-ге тарта адам түрлі жарақат алған. 

Құйын Уханға жергілікті уақыт бойынша 20:40-та дәл келді. Желдің жылдамдығы сағатына 86 км – ге жетті. Жергілікті БАҚ Кайдян округінің үкіметіне сілтеме жасай отырып, дауылдың соққысынан орман ағаштары құлады, деп хабарлайды.

Осыдан бір жарым сағат бұрын Шанхай маңындағы Цзянсу провинциясындағы Шэнцзе қаласына тағы бір құйын түсті. Биліктің айтуынша, мұнда 1 адам апаттың құрбаны болды, 20-дан астам адам жарақат алды, олардың екеуі ауыр. Желден бірнеше ғимарат зардап шегіп, электрмен жабдықтау нысандары зақымданды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.3 / 5. Бағалар саны: 34

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button