ӘлемдеЖаңалықтар

Кубада мачетемен күніне 100-150 операция жасайтын емші тұрады

5
(1)

Кубада мачете, яғни ұзын пышақпен емдейтін емші бар, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. Хорхе Голиат көптеген адамды дертінен жазған. Ол –дәрігерлер емдей алмаған кеселді жазған шипагер ретінде айналасына танымал. Ал пышақпен күніне 100-150 операция жасайды. Кубалық азамат осы кәсіппен 30 жасынан бері айналысады. Оған әруақтар аян берген. Содан бері мыңдаған адам емшіге қаралып, дертінен құлан-таза айыққан.

Хорхе Голиат, емші:

– Мен дертіне шипа іздеп келген адамдарды кері қайтармаймын. Себебі еліміздегі жағдай ауыр. Оның үстіне коронавирустан халық көп зардап шегіп жатыр. Бұл кеселмен күреске бар күшімді саламын.

Леонид Лара, жергілікті тұрғын:

Бастапқыда Голиаттың емдеу әдісін естігенде бойыңызды сенімсіздік билейді. Бірақ ол дәрігерлер сізге не дегенін дөп басып айтқанда бүкіл күмәніңізден арыласыз.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button