ЖаңалықтарМәдениет/Тарих

Ғашық Жүсіп Ата

4.3
(3)

Жүсіп Ата кесенесі Түркістан қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 20 шақырым жерде Түркістан-Шымкент тасжолының үстінде Иқан елді мекенінде орналасқан. Бұл орта ғасырлық Жаңа Асар, Иқан қалаларының негізінде қалыптасқан ауыл. Ауыл териториясында екі кесене сақталған –біріншісі  Жүсіп Ата , екіншісі  Ақ Ата.   Жүсіп Атаны жергілікті халық  Ғашық Ата деп атайды-бұл «Аллаға  ғашық»  дегенді білдіреді.Ол Ахмет Ясауидің замандасы,шәкірті, тағы бір аңыздарда жиені болып есептеледі.Жүсіп Атаның ел ауызында жүрген ең бір ірі кереметі Шам шахарының билеушісі  Жолбарыс  Хан серіктерімен Сырдариядан өте алмай тұрғанда қолындағы көк шыбығымен суды салып қалғанда дария екіге бөлініп жол беріпті. 

О. Дастановтың «Әулиелі жерлер туралы шындық»  деп аталатын еңбегінде «Жүсіп Ата кесенесі XVІ ғасырда тұрғызылған және кесене бұзылып қираған соң жергілікті халықтың қаржысымен 1905 жылы қайта тұрғызылған » деген дерек бар. Сонымен  бірге ,Қабірхана бөлмесінде он кісінің қабірі бар делінген,қәзір сегіз қабір ғана бар. «Зияратхана бөлмесінде де көп кісінің қабірі байқалады» деп жазады автор. Кесене құрылысында пайдаланған кірпіштер Ахмет Ясауикесенесі құрылысында қолданғанкірпіштерден өзгешелеу-өлшемдері 27-27 см, қалыңдығы 25 см. Құрылысбойында бір де бір патшалық кірпіштері байқалмайды және портал мен жоғары шығатын баспалдаққа пайдаланылған ағаштардың аса көнелігі 1905 жылы қайта тұрғызылды деген пікірдің шындыққа жанаспайтындығын  көрсетеді.

Кесене, Қабірхана және Зияратхана бөлмелерінен тұрады. XX ғасырдың бірінші жартысында жергілікті тұрғындар бас порталдың алдынан саз кесектен Асхана бөлмесін тұрғызған.Тұрғындардың айтуынша мұнда жыл сайын аллаға тасаттық беріп, мал сойылып, ас дайындалып ел Алладан көктемнің жаңбырлы болуын тілейтін болған. Аталмыш асхана  бүгінгі күнге дейін сақталмаған. Кесененің негізгі өлшемдері толық сақталған және іргетас ретінде пайдаланылған алты қатар кірпіш қаландысы да жақсы  жағдайда. Зерттеу барысында жер деңгейінен 80 см тереңдіктен  XII-XIIIғасырға тән бояулы ыдыстын фрагменті табылды.Осыған ұқсас ыдыстар Шойтөбе-Шауғар қаласын зерттеу барысында көптеп табылып, ғасыры дәл анықталған болатын.Бұдан шығатын қорытынды –біздің күнге дейін жартылай жетіп, кейіннен толығымен қайта тұрғызылған  Жүсіп Ата кесенесі   XII-XIII ғасырға тән сәулеттік құрылыс.

Кесененің ең биік нүктесі зияратхана күмбезінің биіктігі шамамен 15,7м. Ұзындығы 22,32м. Ені 12,87м . Зияратхана бөлмесінің ішкі ұзындығы 12,5м. Ені 11,5м. Күмбезінің ішкі диаметрі 7,25м. Сыртқы диаметрі 9м. Күмбез ортағасырлық күмбез жасау тәсілі бойынша шаршыдан сегізбұрышты барабанға, одан күмбезге өту бойынша жасалған.

Аңызға сүйенсек  Жүсіп Ата көзі тірісінде әулиелік дәрежеге жеткен , жүзімнің 21 түрін өсірген бағбан болған екен. Ахмет  Ясауидің өзі оған қонақ болып бір келгенінде  төртінші ұрпағының керемет әулие болатынын болжап берген екен. Айтқандай-ақ, Жүсіп атаның төртінші ұрпағы Камалиддин Шайх атақты әулие болған екен. Камалиддиннен Сүлеймен, одан Омар, Жиен, Сыддық деген ұрпақтары тараған.Шырақшылардың айтуынша қабірханада Жүсіп атадан басқа тағы 9 кісі жерленіп, халық есінде олардың сегізінің  ғана аттары қалған. Олар – Сабыр Ата, Құрбан Ата, Халил Ата, Жүсіп атаның өзі, Ибрахим Ата, Әбіжалил Ата, Асан Ата, Әбді Әзиз Ата.

Берікбай АБДРАСИЛОВ, экскурсовод

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.3 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button