ЖаңалықтарҚоғам

Қазақ жастары шетелге ағылуда: Білімді азаматтарды қалай тоқтатамыз?

5
(3)

Білім және ғылым министрлігіне қарасты «ADAL BILIM» жобалық кеңсесінің басшысы Талғат Нәрікбаев «білім ағымын», жастардың шетелге жылыстауын –  тоқтатудың негізгі жолымен бөлісті, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі «ADAL BILIM» жобалық кеңсесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы жылдары елімізден 100 мыңнан астам түлек шетелге кеткен. Олардың арасында болашақта Қазақстанның дамуына үлкен үлес қосатын небір талантты жастар, ғылыми қызметкерлер, өршіл, дарынды жаңа буын өкілдері бар. Сонымен, неліктен жастар шетелге ағылуда?

Негізгі себеп — шетелде өмір сүру сапасы мен білім беру деңгейі бізден айтарлықтай жоғары. Оның үстіне шетелде білім алу жыл сайын қол жетімді бола түсті. Мәселен, Германияда жоғары білім алу тегін, басқа елдердің жоғары оқу орындары да өзге ел азаматтарына түрлі стипендиялық бағдарламалар ұсынады. Қазақстанда да сапалы білім алып, жұмыс тәжірибесінен өтуге мүмкіндік бар, әрине. Оны халықаралық компанияларда табысты жұмыс істеп жүрген студенттеріміз мен бен түлектерімізден білеміз.

Мысалы, Қазақстанның кейбір мықты жеке меншік университеттер мемлекеттік жоғары оқу орындары сияқты арзан гранттардың санына үміт артпайды. Үміт артудың өзі тиімсіз екенін түсінді. Мұндай университеттер шетелдік білімі бар мамандарды тарта отырып, кадрлар құрамын күшейтуге тырысады. Мәселен KAZGUU Университеті Ақылды жастардың шетелге кетуін тоқтату мақсатында әлемнің үздік оқу орындарымен байланыс орнатып, халықаралық білім беру саласында үздік деп танылған отандық академиялық кадрларды жинап отыр. Бүгінгі таңда KAZGUU-де шетелдік білімі бар 100-ден астам оқытушы сабақ береді. Олар Франция, Ұлыбритания,Германия, Швейцария, АҚШ, Испания, ҚХР, Сингапур, Кипр, Египет, Үндістан, Австралия, Болгария, Украина, Ресей, Түркия  елдерінде білім алған.

Оқытушылардың жартысына жуығы Болашақ бағдарламасының түлектері.  Гарвард, Кэмбридж, Оксфордты бітірген бұл азаматтар еркін және креативті ойланады, жоғары академиялық талаптарға сәйкес келеді, қазір олар өз кезегінде студенттердің ой-өрісіне жақсы әсер етуде. Студенттерге шетелдік білімінен басқа, өз саласындағы ең мықты мамандар дәріс беріп жатқанын түсіну маңызды. Кәсіби салада мұғалімнің жоғары дәрежесін объективті түрде бағалайтын, беделді сертификаттау стандарттары болады. КАЗГЮУ оқытушыларының басым көпшілігінде TKT, CELTA, DELTA, CFA, ACCA, FRM, SPHRi, CIPD, IPMA, GARP, IABFM сынды халықаралық кәсіби сертификаттары бар.

Егер біз Қазақстанның білім деңгейін батыстық дәрежеге көтеріп, профессорлық құрамды нығайтсақ, сапалы білім жүйесін құрсақ зияткерлік көші-қон ағынын тоқтатамыз. Керісінше, шетелдік талапкерлерді Қазақстанға тартуға мүмкіндік жасаймыз.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close