ӘлемдеЖаңалықтар

Қырғыздың бұрынғы президенті Сооронбай Жээнбеков елден кете ме?

0
(0)

Қырғызстанның бұрынғы президенті Сооронбай Жээнбеков елден кетпейді. Ол республиканың экс-басшысының артықшылықтарын да сақтап қалады деп жазады Newsroom+Ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстан парламентінің спикері Қанат Исаевтың айтуынша, экс-президент республикада қалады.

«Ол экс-президенттің барлық артықшылықтарын сақтап қалады», – деді шенеунік.

Сонымен бірге Исаев тез арада тиісті заң жобаларын қабылдау үшін Жогарку Кенештің бар күшін салатынын атап өтті.

Ал елдің премьер-министрі Садыр Жапаров бұрынғы көшбасшысы өкілеттілігін тоқтатқаннан кейін перзидент сайлауы үш ай ішінде өтуі керек екенін айтқан.

Сондай-ақ, Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұржан Шайлдабекова елдегі президент сайлауы мен парламент сайлауы шамамен қашан өтетінін айтқан еді.

Шайлдабекованың айтуынша, парламент сайлауы биыл 20 желтоқсанда, ал президент сайлауы 2021 жылдың 17 қаңтарында өтуі мүмкін.

Еске сала кетсек, 15 қазанда Қырғызстан президенті болған Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетті.

Президент қызметін Жогарку Кенеш спикері Қанат Исаев уақытша атқаруы керек болған. Алайда Исаев бұл қызметтен бас тартты. Осылайша, өкілеттілік үкімет басшысы Садыр Жапаровқа берілді.

Ал бүгін парламенттің кезектен тыс отырысы кезінде Сооронбай Жээнбеков сөз сөйледі. Ол халқынан кешірім сұрап, өзімен жұмыс істегендердің барлығына алғысын айтты.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close