Жаңалықтар

Алматы карантинге жабыла ма: жаңа қаулы шықты

Алматының бас санитар дәрігері COVID-19 инфекциясы таралуының алдын алу бойынша іс-шаралар бекітілген жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

«Бір үйде тұратын адамдар санын есептемегенде, 10-нан астам адам жиналып отбасылық, салтанатты, еске алу және басқа да көпшіліктің қатысуымен өткізілетін іс-шараларды, банкет, үйлену той, қыз ұзату, мерейтой өткізуге салынған тыйым сақталады», – делінген құжатта.

Сонымен қатар, халыққа мәдени және ойын-сауық сипатындағы түрлі қызмет көрсететін мәдени-демалыс мекемелері (караоке, кальян, бильярд, түнгі клубтар, боулинг орталықтар, жабық жердегі аттракциондар, фудкорт, кинотеатрлар, ойын-сауық мекемелері жанындағы балалардың ойын алаңы мен батуттар, өзге де ойын-сауық орындары) қызметіне тыйым салынған. Бұдан бөлек, демалыс күндері жабық базарлар жұмыс істемейді.

Қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, барлық санитарлық талапты сақтай отырып, жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері жеке ғимаратта орналасқан қоғамдық тамақтану нысандары 7.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді. Алайда ұжымдық шара өткізуге болмайды. Көрсетілген уақыт аралығында жеткізу қызметі де жұмыс істейді.

«Заңды тұлғалар, кәсіпкерлік субъектілері ұйымдық-құқықтық нысаны немесе ведомство кімге тиесілі екеніне қарамастан, қызметкерлердің кемінде 30%-ін қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыруды қамтамасыз етсін (штат кестесі 30 адамнан көп болған жағдайда)», – делінген қаулыда.
Қаланың қоғамдық денсаулық басқармасына ауру белгілері жоқ және жеңіл түрде коронавируспен ауырып жатқан науқастарды 100% оқшаулау, сондай-ақ пневмониямен ауыратын науқастарды үйде оқшаулауды қамтамасыз ету тапсырылды. Қаулыға сәйкес, үй карантинін міндетті түрде сақтау туралы қолхат алынады.

Сондай-ақ, басқарма үйде оқшаулауға алынған науқаспен байланыста болған адамды медициналық бақылауға алуы қажет. Үйде емделуге жағдай жасалмаған болса, карантиндік стационарға жатқызылады. Олар 14 күн бақылауға алынады.

Сондай-ақ, науқаспен байланыста болған адамдар Telegram-боттың мобильді қосымшасында тіркеледі. Бұл үй карантинінің сақталуын бақылау үшін қажет.

Оңтүстік астананың бас санитар дәрігері Алматы қалалық мобильділік басқармасына жолаушылардың тығыздығын азайту мақсатында көліктің жұмыс уақытын 23.00-ге дейін ұзартуды тапсырды.

Қаланы цифрландыру басқармасы қала тұрғындары жиналатын орындарды анықтайтын болады.

Сондай-ақ, тұрғын үйлердің кіреберістері мен балалар алаңдарын аптасына бір рет дезинфекциялау қайта басталады.

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.