Жаңалықтар

Суреттен бірінші не байқадыңыз?

0
(0)

Адамның басы бейнеленген сюжетті суретке бір секунд қараңыз да, көзіңізді жұмып, не көргеніңізді еске түсіріңіз. Иә, ең бірінші ненің суреті көзіңізге түсті?
Кеме. Көзіңіз бірінші кемеге немесе адамның басындағы шашқа түссе, бұл сіздің бала секілді аңғалдығыңызды, көңілшектігіңізді және өте сенгіш, арманшыл адам екеніңізді білдіреді. Көңіліңіз таза, пейіліңіз ақ. Тез қуанып, тез ренжисіз. Мұндай адамдар тілалғыш, тәртіпке бағынатын, ешкімнің ала жібін аттамайтын адал әрі турашыл келеді. Берілген тапсырманы бұлжытпай орындайды, уақытында айтқан жерге кешікпей барады. Бірақ, мұндайлардың қолынан басқарушылық, өз кәсібін ашу, жүргізу, келіссөз жасау келе бермейді. Алайда, шығармашылық жолын таңдасаңыз, ісіңіз жемісті болады. Кемшілігіңіз – туындаған мәселенің түбіне бойламау, істің соңы неге алып баратынын бағамдап жатпай-ақ асығыс кірісу. Кішкентай бала не нәрсенің де тек бергі жағын ғана көреді, тым келте ойлайды. Сіз де дәл сондайсыз.

Теңіз. Теңізді немесе адамның жүзіндегі мүшелердің (мұрын, көз, қас, ауыз, құлақ, ерін) бірін көрдіңіз бе? Бұл сіздегі салмақтылық, сабырлылық, мейірімділік, ақылдылық секілді қасиеттерден хабар береді. Сіздің басты ұстанымыңыз – тыныштық. Сондықтан да, шулы, думанды ортадан гөрі отбасында демалғанды ұнатасыз. Дау-дамайдан қашасыз. Теңіз үстіндегі кемелерге де, су астындағы тіршілікке де ешқандай зиян тимесе екен деп, көбіне эмоцияңызды да, өзіндік пікіріңізді де іште қалдырасыз. Бұны ақылдылыққа балайсыз. Турасын айтып-айтып тастағыңыз келгенде үндемегенді жөн көріп, бұныңызды даналыққа жатқызасыз. Бірақ, толқынмен жағаға шығып қалмасын деп, балықтарды ойлап тыныштықты сақтағаныңызбен, шағалаларды қорексіз қалдырғаныңызды байқамайсыз. Оған да, бұған да «мақұл» деп, «Алтын орталықты» сақтағыңыз келетін шығар, бірақ бұл үнемі мүмкін емес. Көз жұма қарау, үндемеу, ешкімге зиян тигізбеуді ойлау – жақсы да, жаман да емес. Кей жағдайда бір нәрсеге көз жұма қарау таудай қиындықтан құтқарса, кейбір жағдайда тайдау мәселені туындатады. Бұл жағдайға байланысты. Кез келген нәрсенің тек оң жағы емес, теріс жағы да болатынын есте ұстағаныңыз дұрыс.

Әріптер. Ағылшын тіліндегі мәтінді, әріптерді көрсеңіз, онда өте зейінді жансыз. Жылдам шешім қабылдау, дер кезінде әрекет жасау, мүмкіндікті мүлт жібермеу – сіздің артықшылығыңыз. Осылар сізді «жолы болғыш» атандырып жүр. Сіз үшін кез келген мәселеден жол тауып шығу қиын емес. Сізді алдау, арбау, пікіріңізден айныту қиын. Өйткені, ойланып қадам басып, өлшеп кесесіз. Мұндай адамдар өткен шақтағы өкініштерін ойлап бір орында омалып отыра бермейді. Сондай-ақ, болашақтағы бақытты сәттерін елестетіп, қиялға мас боп та жата бермейді. Олар дәл осы шақта өмір сүретіндер. Содан болса керек, олардың жетер жетістігі де, жеңісті істері де көп болады. Бұндай адамдар қаржылық тәуелсіздікке оңай жете алады. Қырағы, сақ адам екеніңізді де ерекше атауға болады.

Бас. Бас ішіне салынған суреттерді емес, бірінші бастың өзін, адамды көрдіңіз бе? Онда сіз ұсақ-түйекке назар аудара бермейтін, болмашы нәрселерге бордай езіле қоймайтын, кейбір шығын мен қателіктерді елемейтіндердің бірісіз. Шыншылсыз және шынайылықты талап етесіз. Мінезіңіз тік, қаталдық басым. Көңілге қарай бермейсіз. Көңіліңіз қалса, ол адаммен байланысты үзе салу қиын емес. Ешкімге екінші, үшінші мүмкіндік бермейтін адамсыз. Сондықтан да, достарыңыз аз. Нақтылықты жақсы көресіз. «Меніңше…», «сондай болуы мүмкін», «көреміз», «сол сияқты», «ойланайын» дейтіндерді ұнатпайсыз. Сізді тек басты-басты нәрселер ғана қызықтырады.

Дереккөз: Ernur.kz 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close