Алматы қаласыЖаңалықтар

Бақытжан Сағынтаевтан коронавирус табылған жоқ

0
(0)

Қоғам қайраткерлерімен онлайн режимде дидарласқан Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев шаһардағы коронавирустық инфекциямен күрес шаралары туралы айта келе, қаладағы барлық тәуекел топтарына ПЦР әдісімен жедел-тестілеу  басталатынын мәлімдеген еді.

Бейнежүздесу барысында  шаһар басшысы әкімдік пен қалалық жедел штабтың қызметкерлері, оның ішінде өзі де тест тапсырғанын атап өтті.

«Мен жедел тесттен өттім. Көріп отырғандарыңыздай,  сіздермен сөйлесіп отырмын, яғни нәтижесі теріс», – деді Бақытжан Сағынтаев.

Індетке байланысты соңғы жағдайларды саралар болсақ, Алматыда коронавирус жұқтырған дәрігерлер санының өзі денесін дерт дендеген қатардағы тұрғындармен теңесіп қалды. Осы ретте ел арасында түрлі дүдамал пікірлер айтылып жатқаны мәлім. Көпшіліктің күмән-күдігін тудырған бұл сұраққа жауап берген әкім аталған жағдай қатаң бақылауға алынғанын, бұған қатысты нақты сала мамандары жауап беретінін тілге тиек етті.

Сондай-ақ қалада қыруар қаржыға салынып жатқан уақытша емдеу орталығының болашақтағы маңызы туралы қойылған сауалға назар аударған Сағынтаев, індет сейілгеннен кейін аталған орталық бұзылып тасталмайтынын, басқа да қажетті кәдеге жаратылатынын айтты.

Жұқтырудың жасырын ошақтарын анықтаудың жаңа алгоритміне сүйене отырып, қалада эпидемияға қарсы іс-шаралар күшейтілді. Басты мақсат – эпидемиологиялық жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, індеттің өршу деңгейін төмендетуге негізделіп отыр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close