ЖаңалықтарТүркістан облысы

Түркістандық мәдениет қызметкерлері онлайн концерт өткізуде

0
(0)

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты барша Түркістан облысының тұрғындары сақтық шараларын ұстанып, үйлерінде отыр. Осы жайтты ескерген Түркістан облыстық мәдениет басқармасы өзіне қарасты театрлар және мәдениет үйлері мен шығармашылық орталықтардың қызметкерлерін жұмылдырып, #BizBirgemiz акциясы аясында онлайн концерттер ұйымдастырып жүр.
Бұдан бөлек, Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы «Карантин кезіндегі мәдениет қызметкері» атты онлайн-семинарлар өткізуде. Сондай-ақ, барша аудан-қалалардағы мәдениет ошақтары «Атамекен» әнін орындап, эстафета ретінде жалғастырып, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұлы ақынның шығаршашылығын кеңінен насихаттау мақсатында да арнайы эстафеталық іс-шаралар өткізіп келеді.

«Елімізде коронавирус індетімен күрес жұмыстары жалғасуда. Мемлекет басшысы, үкімет пен жергілікті билік мәселені өз бақылауында ұстап отыр. Ең бастысы – халықтың денсаулығын сақтау, індеттің таралуына жол бермеуіміз керек. Осы ретте облыстық мәдениет басқармасы үйде отырған сан мыңдаған отбасыларды рухани қолдап, бірқатар онлайн іс-шараларды ұйымдастырудамыз»,-дейді Түркістан облысы мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әзімхан Қойлыбаев.
Айта кетейік, еліміздегі төтенше жағдай жариялана сала басқармаға қарасты театр ұжымдары 3 мыңға жуық бетперде тігіп, тұрғындарға тегін таратып берген болатын.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close