Жаңалықтар

Коронавирустың тағы бір белгісі анықталды

0
(0)

Испаниядағы Ортопедтер кеңесінің дәрігерлері коронавирустың жаңа белгісін анықтады, – деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ғалымдардың баяндамасында аяқта желшешек немесе қызылша сияқты ауруларда пайда болатын дақтар шықса, ол COVID-19 жұқтырғанның белгісі. Испания, Италия және Франция елдеріндегі науқастардың көбінің табандарында дақтар болды.

«Мұндай дақтар көбіне балалар мен жасөспірімдерде пайда болады. Италиялық 13 жастағы балада пайда болған дақты бастапқыда ата-анасы бір жәндік шағып алған болуы мүмкін деп ойлаған. Ал екі күннен кейін баланың дене қызуы көтерілген. Бірақ мұндай дақтар коронавирустың белгісі екені дәлелденген жоқ», – дейді испаниялық ғалымдар.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close