ӘлемдеЖаңалықтар

Беларусь елінде партизандар пайда болды

4.1
(14)

Беларусь құқық қорғау органдары заңсыз қарулы бірлестіктерді анықтаған. Бұл туралы 14-қыркүйек күні Беларусь ІІМ хабарлады.

Заңсыз қарулы бірлестіктің басшысы әлеуметтік желіде «Партизаны Могилева» атауымен қауымдастықтар құрған.

«Қолда бар мәліметке сүйенсек қауымдастық мүшелері Могилев маңындағы орманда жиналып тұрған. Олар қалада ұрыс жүргізу, орманды аймақта атысу, соғыс тактикасын үйренген. Заңсыз бірлестік мүшелерінің туы қызыл-ақ-қызыл жолақты. Бірлестікте пистолет, пышақ, радио, арнайы әскери киімдер болған», — дейді ІІМ арнайы таратқан ақпаратта.

Тергеу барысында топ мүшелері жарылғыш заттар жасауды үйренгені анықталған. Қазіргі уақытта арнайы тексеру жұмыстары жүргізілуде. Оларға бірнеше бап бойынша қылмыстық іс ашылуы мүмкін.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.1 / 5. Бағалар саны: 14

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close