Жаңалықтар

Депутаттар Үкіметтен халықты тезірек вакцинациялауды сұрады

1.7
(7)

Депутаттар Үкіметтен халықты тезірек вакцинациялауды сұрайды. Асқар Маминге жолданған депутаттық сауалды Зағипа Балиева бүгін Мәжіліс отырысында оқып берді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, пневмококк инфекциясына қарсы вакцинация пневмониямен сырқаттануды азайтып қана қоймай, коронавирустың едәуір жеңіл жүруіне әсер етеді.

Депутаттар вакцинациялауды Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен жүргізуді ұсынады.

«Біз бәріміз коронавирустан қорқып қалдық, бірақ әлемдегі барлық пневмониялардың ішінде COVID, тек 4-5% құрайды, ал қалған 95% басқа тектен шыққан. Атап айтқанда, пневмококктан. Пневмококктық вакцинасы 65 және одан жоғары жастағы барлық адамдарға салу керек. 19 жастан асқандар үшін – егер бұл адам қант диабетімен, өкпенің, бүйректің, бауырдың созылмалы ауруларымен ауырған болса. Пневмоктық вакцинациядан өті жоқ немесе кохлеарлы имплантантпен жүргендерді босатуға болады», – деді Балиева.

Оның айтуынша, биылғы жылдың 7 айында республикамызда пневмококк инфекциясына қарсы жүйелі түрде вакцина егіліп келеді: бірінші вакцинация – 148,221 (1 жасқа дейінгі балалар санының 43,2%), екіншісі – 133 723 (1 жасқа дейінгі балалар санының 38,9%) және үшінші вакцинация – 137 554 (2 жасқа дейінгі балалар санының 40,6%) адам алды.

Коронавирустың қайта бой көтеру ықтималдылығын ескере отырып, онымен қатар жүретін инфекциялардан туындаған аурулар, мысалы, пневмококк, өмірге нақты қауіп төндіреді.

– Пневмококк инфекциясына қарсы вакцинация пневмониямен сырқаттанушылықты азайтып қана қоймай, коронавирустың едәуір жеңіл жүруіне ықпал етеді. Егер біз қазірден бастап жаппай вакцинация жасайтын болсақ, онда ертең жаңа ауруханалар салудың қажеті болмайды, – деп сөзін түйіндеді ол.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1.7 / 5. Бағалар саны: 7

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close