ЖаңалықтарЭкономика

Еліміздегі орташа жалақы 211 мың теңгені құрады

2.1
(7)

Қазақстанда орташа жалақы 211 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Статистика Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2020 жылғы тамызда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 211 226 теңгені құрады», – делінген хабарламада.

Шілде айында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 111 867 теңгені құрады (алдын ала деректер), бұл 2019 жылғы шілдедегіге қарағанда 6,1% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 0,9%-ға төмендеді.

«ХЕҰ әдістемесі бойынша анықталған жұмыссыздар саны 2020 жылғы II тоқсанда 454 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 5% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2020 жылғы тамыздың соңына 219,2 мың адамды немесе жұмыс күшіне 2,4% құрады», – делінген Статком таратқан мәліметте.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2.1 / 5. Бағалар саны: 7

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close