Жаңалықтар

Қазақстандық көліктерге сұраныс артты: 44 мыңға жуық көлік құрастырылған

0
(0)

Қазақстанда 43 798 автокөлік құрастырылды. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағына сілтеме жасап хабарлайды.

Есепті кезеңде Қазақстанда шығарылған көліктердің жалпы құны 318,8 млрд теңгеге бағаланып отыр. Оның ішінде жеңіл автомобиль құрастыру 46,3 пайызға өсіп, 37 436-ға жетті. Автобус техникасын шығару (1089 көлік) 39,6 пайызға жоғарылады. Сонымен қатар, жүк көліктерін құрастыру (4248 көлік) 2,6 есеге өскен.

Ал республика тұрғындары жергілікті өндірістен шыққан көліктерді сатып алуға 275,2 млрд теңге жұмсаған.

Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 49,7 пайызға артық. Есепті кезеңде Қазақстанда құрастырылған жеңіл көліктердің арасында сұранысқа ие брендтердің бестігіне Lada (11289 көлік), Hyundai (9727), Ravon (4807), KIA (4282) және Chevrolet (2214 ) енді. Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркалардың тізімінде JAC (955 көлік), UAZ (316) әрі Skoda (218) бар екенін атап өткен жөн.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close