Жаңалықтар

Мұсылман зираттарын қасақана қиратқан қылмысқерлер іздестірілуде

5
(1)

Қарағандыға қарасты Пришахтинск елді-мекенінде вандалдар мұсылман зираттарын қасақана қиратып кетті. Адам шошырлық оқиғаны ұялы телефонына түсірген куәгер видеосын әлеуметтік желіге жариялады. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бірнеше құлпытастар бұзылып, мәрмәр тас ескерткіштер қақ бөлінген. Бұл жағдайға қатысты марқұмдардың туыстары өз наразылықтарын білдірді. Олардың айтуынша қаскүнемдер қабірлерді көлікпен таптап өтіп, тас-талқанын шығарған. Жолдың маңында машинаның дөңгелектерінің іздері қалған. Ал полицияның мәліметінше, осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, қаскөйлер іздестірілуде.

Аян ДАРБАЕВ, Жергілікті тұрғын:

«Христиан болсын, басқа дін болсын бәрі бір адам. Дүниеден өтеді, бірақ өлген адамға құрмет көрсету керек. Біз білмейміз, енді мұнымен органдар айналысатын шығар. Біз ештеңе істей алмаймыз».

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close