Жаңалықтар

Қоғам белсендісі: желіде тәнін саудалайтын жігіттердің көбі студенттер мен күзетшілер

5
(1)

Жезөкшелерге бәсекелестер пайда болды. Әлеуметтік желілерде тәнін сататын еркектер қаптап жүр. Қоңыраумен келетін жігіттерді шетелдің киноларынан көргенде таңғалып, жағамызды ұстаушы ек. Сөйтсек олар стриптизші екен. Біздікі бәрінен асып түсті. Ең сорақысы, ұсыныстың артуына сұраныстың көбеюі тура пропорционал екенін ескерсек, сол сұранысты тудыратын өзіміздің қаракөздеріміз екен.

Ішінде тұрмыстағы келіншектер де бар. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

– Алло, сәлем.

– Привет.

– Есімім Диана болады. Сіз жұмыс істейсіз ғой, иә.

– Бүгін бос емеспін.

– Қашан бос боласыз?

– Жасыңыз нешеде?

– 29-да .

– аха, ертең

-Үйде қабылдайсыз ғой, иә.

– Ертең после обеда.

–  Бағасы неше тенге болады бір сағатқа?

– Жазылып тұр ғой 10 мың деп.

Иә, әлеуметтік желіде тәнін саудалайтындардың прайсы тайға таңба басқандай жазылып тұрғаны рас. Мәселен, олар өз үйінде қабылдайтын болса 15-20 мың теңге аралығы, ал өзі баратын болса 25-30 мың теңге. Тіпті тегін қызмет көрсететіндері де кездеседі екен. Сайттағы 18 бен 40 жастағы еркектер дене, жыныс мүшелерінің бейнесін жарнамалап қызықтыратын көрінеді. Бірінен-бірі асып бойының, жыныс мүшесінің ұзындығын, салмағын жарнамалап жарысады олар. Мәселен, сайттарына бас сұғып едік 300-ден аса интимдік қызмет ұсынатын жігіттерді көзіміз шалды.

Маржан БАҚЫТ, ТІЛШІ:

«Қазір мен интимді қызмет көрсететін жігітпен кездесуге келдім. Жалпы бағасы қандай, қандай қызмет ұсынады екен сол туралы білетін боламын».

Сөйтіп, белгіленген уақытта, келісілген жерге келді. Өзін Арсен деп таныстырған жігітке хабарласып клиенті барын, жарты сағатта ғана босайтынын жеткізді. Барлық шаруасын бітіріп алсын деп тілші бір сағаттай күтті. Бірақ, пәтерге кірмеймін, сыртта кездесейік дегеннен сезіктенді ме екен кездесуге келмеді. Хош, сөйтіп, алдын-ала кездесу ұйымдастырып қойған екінші жігітке барды. Бойы ұзын, сымбатты жігіт күтіп алды.

– Сол ұнаса кіріңіз ұнамаса

– Сіз не айтасыз сол болады.

–  Сізге қалай ұнайды.

–  Иә опыт бар.

– неден өтіп тұрасыз ба? Айына бір рет өтіп тұрамын ғой.

Өзін Дамир деп таныстырған «жеңіл жүрісті» жігіттің бұл кәсіптен нәпақа тауып жүргеніне 1 жылдан асыпты. Қызметін барынша «өткізу»  үшін тәжірибесі барын, кез келген нәрсені жасай алатынын, тіпті ай сайын медициналық тексеруден өтіп тұратынын да айтып үлгерді.

–  Бір жылдан асты ғой.

– Сіз неше жастамын дедіңіз?

– 22

– Бір күнде қанша адам қабылдайсыз?

– Бүгін сіз бірінші боласыз. Ондай қазір көп емес аптасына екі.

– Басқа жұмыс істемейсіз ба?

–  Жоқ басқа жұмыс істемеймін осы былай жүрмін. Пока ақша жетеді маған өзіме. Ешкім жоқ. Тек қана екеуміз боламыз. Бәрін дайындап қойдым.

Өз тәнін саудаға салатын жігіттердің көбісі бұл кәсіппен қосымша табысы ретінде айналысатын болса, негізгі жұмысы ретінде күнін көріп отырғандар да бар. Десе де мұндай жігіттер жәйдан-жәй пайда болған жоқ, сұранысқа ұсыныс білдіріп отыр. Жалғызбасты, ауқатты, күйеулерінен ләззат ала алмай жүрген келіншектердің ермегі. Сол себепті де, оңай ақшаға көбіне сымбатты, көп нәрсеге жауапкершілік алғысы келмейтін жігіттер жүгінеді, дейді сексолог.

Салтанат МУРАДОВА,  сексолог:

«Бұл үлкен қоғамдық мәселе Бұл тек қана кішкентай бөлімнің мәселесі емес. Ол еркектердің жалпы қазір көбеюі сұранысқа байланысты. Яғни осындай агрессивный, жалғыз басты өте ақшасы бар қыздар көп. Менің естігенім бойынша тіпті тұрмыста болса да, басқа бір қызықты нәрсе қалаған азаматшалар бар. Осындай жігіттерге өздері сұраныс көрсеткендіктен осындай сұлу жігіттер өздерін қинағысы келмейтін жігіттер осылай оңай жолды таңдағысы келеді».

Психолог Ержан Мырзабаев та эскорттық қызметте жүрген жігіттерді табыс табудан бөлек жыныстық қатынастан ләззат алу үшін айналысатынын тілге тиек етті

Ержан МЫРЗАБАЕВ, Психолог:

«Бұл жерде ер кісі, әйел кісі деп ажыратудың керегі жоқ. Көбіне әйел кісілер бұл қызметті көрсетеді, бұнымен айналысады деген кең таралған миф. Негізі ер кісілер де бұмен аз айналыспайды. Кейбір кісілер эскорттық қызметті қызығушылықпен көрсетеді. Жыныстық қарым-қатынастан ләззат алу. Әртүрлі портнерлармен бірге болу сияқты қызығушылықпен өткізеді».

Ал, қоғам белсендісі тән саудасында көбіне студенттер мен күзетшілер көп жүреді. Оларды әлеуметтік жағдайының төмендігі мәжбүрлеп отыр деген пікірді алға тартты.

Оралбек ӨТЕҒҰЛОВ, қоғам белсендісі:

«Бұны азғындық дейміз бе басқа дейміз бе, пайда болып отыр. Көбіне ондайға баратындар студенттер. Қазақ жігіттерінің көбісі күзетші болып жүр ғой. Көбіне күзетшілер ғой айналысатын. Сондықтан да бұл қоғамның проблемасы».

Біле білсе интимдік қызметті кәсіп ету ер азаматтардың денсаулығына да зиян. Өйткені жыныстық қарым-қатынастың белгілі бір реті болады.

«Сонымен қатар отбасылық өмірінде әйеліне көңілі толмаушылық және балаларына мейірім білдіре алмау сынды кері әсерлері болуы мүмкін»,- деген пікір білдірді мамандар.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close