Жаңалықтар

Жетім балалар мен күміс алқа иегерлеріне 1 миллион теңгенің сертификаты беріледі

4.1
(68)

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов тұрғын үй сертификатын алатын адамдардың саны артатынын айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.

Бұрын тізімде: толық емес; көпбалалы; мүгедек бала бағып отырған отбасылар болса, қазір тізімге халықтың әлеуметтік аз қамтылған санаттарының бәрін қосылады. Биыл жетім балалар да бұл тізімге кірмек.

Азаматтарды қабылдау кезінде жиі көтерілетін мәселенің бірі – баспана. Пәтер алу жолдарын қарастыруды өтінген асыраушысы жоқ балалармен бірнеше рет кездестім. Санатты кеңейту құжатының жоспарын мәслихаттың алдағы сессиясына қарауға береміз. Құқықтық-нормативтік процедуралар аяқталған соң, сертфикат алушылар санатының жаңа тізімін бекітеміз. Тұрғын үй сертфикатының мөлшері – 1 млн теңге. Оларды «Шаңырақ» (5-10-20) жобасына қолдануға да болады»,- деп жазды елорда әкімі өз facebook парақшасында.

Жаңа тізімге енетіндер:

  1. жетім балалар;
  2. I және II топ мүгедектері;
  3. зейнеткерлер;
  4. ҰОС ардагерлері және соларға теңестірілгендер;
  5. мемлекеттік, қоғамдық немесе әскери тапсырма орындау кезінде қаза болғандардың отбасылары;
  6. табиғи немесе техногендік ТЖ кезінде  баспанасынан айырылғандар;
  7. бөтен елдердің аумағында ұрысқа қатысқандар;
  8. «Алтын алқа»,
  9. «Күміс алқа» иегері немесе ертеде «Батыр ана» атағын алған көпбалалы аналар;
  10. I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталғандар;
  11. көпбалалы отбасылар кіреді.

    Әкімнің айтуынша, мемлекет Басшысының тапсырмасымен қолжетімді баспана құрылысы үш есеге ұлғайған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.1 / 5. Бағалар саны: 68

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close