ӘлемдеЖаңалықтар

Құлаққаппен музыка тыңдаған: оқушы қыз оқыстан қайтыс болды

0
(0)

Таиландтың солтүстік-шығысындағы Ройет қаласында оқушы қыз қуаттау құрылғысына қосылған смартфоннан музыка тыңдап жатқан кезінде қайтыс болған, – деп мәлімдеді Lenta.ru. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, 16 жастағы Таниалук Фай Пхадасридің денесі 10 қыркүйекте, бейсенбіде табылған. Ол күйіп қалған телефонды қолына қысып жатқан күйі табылды. Мойны мен қолы күйік алғаны айтылады.

Марқұмның әкесі қызына жүрек-өкпе реанимациясын жасауға тырысып, дәрігерлерді шақырған. Алайда Пхадасриге көмектесу мүмкін болмады, оқиға орнына келген дәрігерлер оның өлімін тіркеді.

 

Полицейлердің айтуынша, қыз өз бөлмесінде отырған. Құлаққап арқылы телефоннан музыка тыңдап отырған сәтте оны ток ұрған делінеді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close