Жаңалықтар

«Перроннан үйге дейін». ҚТЖ жаңа қызмет түрін іске қосты

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «UvU» international LTD» компаниясымен бірлесіп Астана қаласы бойынша Нұрлы жол теміржол вокзалының перронынан үйге (межелі пунктке дейін) жайлы шағын автобуспен трансфер қызметін іске қосады, деп newsroom.kz хабарлайды Zakon.kzдереккөзіне сүйене отырып.

«Пойыз + автобус» жобасы интермодальды тасымалдауды (жолаушыларды көліктің бірнеше түрімен тасымалдау) дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде іске асырылуда.  Қазіргі уақытта қызметті 3/4 «Алматы-Астана» жолаушылар пойызының жолаушылары пайдалана алады. Ол үшін жолаушылар вагондарындағы QR кодын сканерлеп, қажетті мекен-жайды көрсетіп, қызметке ақы төлеу жеткілікті.

Сондай-ақ, жолаушылар https://uvu.kz/ktz. веб-сайты арқылы вокзалдан үйге трансферді өз бетінше сатып ала алады. Жолаушылардың барынша жайлылығы үшін автокөлік «Нұрлы жол» теміржол вокзал кешенінің пандусында күтіп тұратын болады.

Аралас тасымалдар жолаушыларға нұсқаларды іздеуге және көліктің әр түрлері арасында ыңғайлы түйісулерді таңдауға уақытты едәуір қысқартады, сондай-ақ Қазақстан қалалары бойынша саяхаттау үшін мүмкіндіктерді кеңейтеді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.