Төрт жылдан бері аяғы ауыр болып жүрген келіншек

 1,272 

АҚШ-тың 40 жастағы тұрғыны Сара Холлидейдің ішіне қарап, оны аяғы ауыр деуге келеді. Алайда келіншектің сөзінше, ол тоғыз ай емес, төрт жылға жуық уақыт жүкті болып жүр екен.

Сара АҚШ-тың батысындағы Форт Коллинз қаласында тұрады. 2016 жылдың шілдесінде ол өзінің жақында ана болатынын білген.

 

Алайда қазан айында дәрігерлер дабыл қағып, сәбидің жүрегі соқпай тұрғанын хабарлайды. Бірақ келіншектің іші уақыт өте өсе берді.

Сара өзіде «жұмбақ жүктілік» өтіп жатыр деп санайды. Себебі оның аяғы ауыр болып жүргеніне биыл 4 жыл болмақ.

«Менің түсік тастамағаныма алаңдаған акушер мені жедел жәрдем бөліміне жіберді. Алайда ол жердегілер де не түсік болғанын не жүктіліктің барын растай алмады», – дейді келіншек.

Өзінде нақты не болып жатқанын түсінгісі келген Сара қайырымдылық ұйымын кезіктіреді. Олар өз кезегінде Сараның жүктілігінің баяу жүріп жатқанына сенімді. Баланың жүрек соғысының естілмеуі де осы себепті екен-мыс.

Дәрігерлер болса, Сараның жүктілігі «ойдан шығарылған» деген пікірде.

Гинеколог Энн Хендерсонның сөзінше, оның дені сау баланы дүниеге әкелуі мүмкін емес.

Десе де, бұған дейін тоғыз түсікті басынан өткерген Холлидей жуырда күйеуі екеуінің ата-ана атанатынына сенімді.

 

«Баламмен қауышар сәтті тағатсыздана күтудемін. Мен оған жүктілік кезінде басымнан өткізген қиындықтарым туралы міндетті түрде айтып беремін», – дейді ол.

Сілтеме

Бөлісу: