Жаңалықтар

11 мыңнан асты: Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны қайта көбейді

0
(0)

Оңтүстік Кореяда бір тәулікте коронавирус жұқтырудың 27 дерегі тіркелді.

Осылайша, елде COVID-19 жұқтырғандар саны 11 018-ге жеткен. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі жанындағы ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының ұйымы мәлімдеді.

11 мыңнан асты: Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны қайта көбейді

Айта кетейік, елде коронавирус жұқтырудың жаңа толқыны 7 мамырда коронавирус диагнозы қойылған 29 жастағы азаматтан басталған. Ол 2 мамырда Енин провинциясынан Кенгидо провинциясына, Сеулдегі адам көп жүретін Итхэвон ауданындағы бірнеше клуб пен барға барған. Осылайша, көңіл көтеру орындарында қонақтар, оның ішінде Пусан мен Инчхоннан келген азаматтар COVID-19 жұқтырып алған. Клубтың 113 қонағы мен олардың туыстарынан коронавирус анықталып үлгерді. ер азамат бармаған клубтарда да ауру жұқтыру фактілері тіркелді. Сондықтан, билік өкілдері вирус тарауының басқа да жолдары бар деп күдіктеніп отыр.

KCDC ақпараты бойынша, соңғы тәуліктегі 27 жағдайдың бесеуі сырттан келген. Географиялық тұрғыда олардың 14-і Сеулде, бесеуі Инчхонда, ал тағы үшеуі Кенгидо мен Пусан провинциясында тіркелген.

Ал тағы бір адам Чолло-Намдо провинциясында, енді бірі карантиндік тексеріс барысында анықталды. Сеул әкімшілігі Итхэвонға 24 сәуір мен 6 мамыр аралығында барған 5517 адамның тізімін жасады, қазіргі уақытта олардың 2400-імен байланыс орнатылды. Ал қалған азаматтар ұялы мәліметтер бойынша тексеріліп жатыр. 11 мамыр күні Сеул әкімшілігі коронавирусқа анонимді тест өткізді.

Қалада Итхэвондағы жаңа толқыннан кейін 35 мыңнан аса адам коронавирусқа тексерістен өткен. Елде өткен тәулікте ауруханадан 59 адам шықты, жалпы жазылғандар саны 9821-ге жетті. Бұл жалпы көрсеткіштің 89 пайызы болып отыр. 19875 адамның сараптамасы әлі де әзірленуде.

Оңтүстік Кореяда 695 мың адам коронавирусқа тест тапсырған. Бір тәулікте марқұмдар саны өзгерген жоқ. Қайтыс болған 260 адамның 179-ы Тэгуде, 54-і Кенсан-Пуктода, 16-сы Кенгидо провинциясында тіркелді. Канвандода екі адам, Пусанда үш, Сеулде төрт адам, Ульсан мен Тэджонда бір адамнан көз жұмды.

Сілтеме

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close