Жаңалықтар

«Сол күні топпен зорлау болған»: Қорланған әйелдер жағдайларын айтып енді келіп жатыр.

Сол күні топпен зорлау болған

Тәртіпсіздік кезінде  қорланған әйелдер жағдайларын айтып енді келіп жатыр. Осылайша, бұрын белгісіз болған фактілер нақтылануда деп хабарлайды Newsroom.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап

«Ақиқат» қоғамдық комиссиясының қаңтар айындағы оқиғаларды тергеу жөніндегі жетекшісі Айман Омарова әйелдердің бірі сол күні топпен зорланғаны туралы айтып берді.

“Бірақ ол арыз жазғысы келмейді, мен адамды арыз жазуға мәжбүрлей алмаймын. Сол күні топпен зорлау болды. Олар оны сүйреп апарып, зорлаған. Әйелдің шок алғаны соншалықты, “Оларды тани аласың ба?” дегенде, “Бірін ғана, қалғандарын жоқ” деді”, – деп түсіндірді Омарова.

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқандардың арасында оқиғаның эпицентріне кездейсоқ түскен ондаған адам бар. Содырлар көшеде бейбіт азаматтарды ұрып-соғып, жеке меншік автомобильдерді айдап кетіп отырған. Ал жүргізушілер мен жолаушыларды жерге құлап, аяусыз ұрып-соққан. Кейін көптеген зардап шеккен азаматтар ауруханаларда қайтыс болды.

Кейбір әйелдер қазір құқық қорғаушыларға зорлау фактілері туралы енді айтып жатыр. Қоғамдық белсенділер мен заңгерлер зардап шеккендердің отбасыларына көмектесуге тырысады. Айтуыларынша, олардың барлығы дерлік психологтардың қолдауын қажет. Қаңтардың басында хабар-ошарсыз кеткен туыстарын іздегендер көмекка алуға жүгініп жатыр. Солардың бірі ағасын тіздеп Жаңаөзеннен Алматыға келген Мейіргүл Қанатпаева.

“Мен 1993 жылы туған ағам Мақсет Қанатпаевты ағасын іздеп жүрмін. Өзім Жаңаөзенде тұрамын. Алматыға ағамды іздеу үшін арнайы келдім. Ол 6 қаңтарда Алматыға келіп, сол күні жоғалып кетті. Сол сәттен бастап оның қайда екендігі туралы мәлімет жоқ. Егер менің ағамды біреу көрген болса, көмектесіңіздерші”, – дейді Мейіргүл Қанатпаева.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.