Жаңалықтар

Мотиваторлар магиясы

4
(1)

«Үш күнде миллионер атанасың! Үйде отырып-ақ, табыс табуды үйретемін! Бақытты болудың бір ғана жолы бар! Оны білу үшін менің сабағыма қатысыңыз! Свайпқа өтіңіз». Бүгінде әлемжеліні ашсаңыз болды, осы сарындағы жарнамадан көз сүрінеді. Инфоқарақшылар деген кімдер? Олардан қандай пайда бар?

Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

Бизнесі жоқтар – бизнес тренер, тұрмысқа шықпаған психологтар – психолог! Бүгінде  әлемжеліде ақыл айтқыштар мен ақыл сатқыштардың ұсынған  әдістемелері жетіп артылады. Бастысы, ақшасын төлесеңіз болды, 2-3 күнде миллион тауып, бағыңыз ашылады екен!  Алайда…

АЛМАС ТОҚАБАЕВ, БЛОГЕР: «Бизнес тренелердің алдында көп болады. Бір күн бизнес жүргізбеген, бизнес тренелер көбейіп кетеді. Қоғамдағы дәл психологиялық жағдай, адам санасынан бап шығар. Ол пайдалантын алаяқтар да бар. Желіде қаптап кетіп жатқаны сол».

Жас кәсіпкер Бөгенбай Серікбайда талай бизнес тренерлердің мотивацияға толы сабақтарына қатысқанын жасырмайды. Қазір мұндай ақшаға ақыл айтатындардың ақ қарасын ажырата алады. Оның айтуынша, кәсіпкерлік былай тұрсын, дәл осындай курстар кәдімгі білім саласына да жеткен. Атап айтқанда….

БӨГЕНБАЙ СЕРІКБАЙ, КӘСІПКЕР: «Білім саласында дәл осындай жағдай болып жатыр.  0151 Студент бала айтады, бір айда оқытамым, ҰБТ экспертімін, қатысы жоқ адамдар, жалпы маркетингтің құралы ретінде пайдалынады. Маркетингтің құрбаны болатын адамдар екенін түсінбейді адамдар».

Әлеуметтік желідегі мотиваторлармен алысып жүргендердің бірі  Айгүл Елшібаева. Жез таңдай әнші инстаграмда жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптаған онлайн сабақтардан сақ болуға шақырды!

«Инстацыгандар дамығаны сондай, ақша үшін, сенімге кіріп, адамның иманын ұрлап, тақырға отырғызып тонаған- иман қарақшылары, инстаграмда- инстақарақшыға айналып кеткен екен. Сақ болайық!»

АЛМАС ТОҚАБАЕВ, БЛОГЕР: «Заңы бар заңы жүрмейтін елміз. Бәрі лицензия арқылы жүру керек. Сол кәсібіне кіретін ақша. Сол арқылы. Істелу керек. Екіншісі, псевдопсих әрқайсының бір лиц алу керек, кәсіби маман екенін, зияны жоқ екенін дәлелдейтін жоқ. Отырып алып, бизнесі бизнес тренер болады. Қырыққа келгенше тұрмыс құрмаған мұңын айтады. Ажырасып кеткен әйел отбасы туралы айтады».

Осыдан бірнеше ай бұрын 6 миллион фоллоуері бар блоргер Мамаситаның атынан іс қозғалған болатын. Ресми ақпаратқа сүйенсек желі жұлдызының оқу әдістемесі кей оқырмандарының көңілінен шықпаған.  Блогер бір ғана курсынан 800 миллион теңге табыс тапқан! Айтпақшы, біздің редакция түрлі оқу-әдістемелерін әлеуметтік желіде сатқан бірқатар блогерлерге хабарласып, сұхбатқа шақырдық. Алайда танымал психологы да, бизнес тренері де қандай да бір пікір айтудан бас тартты.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button