Жаңалықтар

Ауғанстаннан келген қандастар қайда тұрады?

1
(1)

Ауғанстаннан жеткізілген қандастарымыз Павлодар, Қостанай, Ақмола,  Шығыс  және Солтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылуы мүмкін, деп хабарлайды newsroom.kz порталы  «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

Алматы қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлының айтуынша,  бұл өңірлерде арнайы көмек қарастырылған.  Яғни 200 мың теңге көлемінде бір реттік және пәтер жалдауға  бір жыл бойы ай сайын 87 мың теңгеден төленетін болады.  Дегенмен ең бірінші кезекте қандастардың да пікірлері ескеріледі екен. Егер олар белгілі бір аймақтарда тұрғысы келмесе мемлекеттен берілетін квотадан қағылады. Қазіргі таңда Ауғаныстаннан келген қандастарымыз  Алматыдағы қонақ үйлердің біріне орналастырылып, оқшауланған. Бөгде адамдардың кіруіне тиым салыған. Ал олардан алынған ПТР тест нәтижесі бойынша індет жұқтырмағандарын анықталды.   Жергілікті әкімдік оларды бейімдеп, оқытып,  жұмысқа орналастыру мәселесін қарастыруда. Естеріңізге сала кетсек 9 қыркүйекте Ауғаныстаннан Алматыға арнайы респен 35 қандасымыз жеткізілген болатын.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button