Жаңалықтар

Қытай үшін тарихи сәт: Марсқа қонған аппарат (видео)

4
(4)

Өткен жылдың шілде айында Хайнань аралынан ұшырылған алғашқы қытайлық «Тянвэнь-1» ғарыш аппараты Марстың бетіне сәтті қонды. Осы уақытқа дейін тек американдықтар Марсқа қона алған еді. 

Синьхуа агенттігі Қытайдың Ұлттық ғарыш басқармасына сілтеме жасап хабарлағандай, Тяньвэнь-1 аппараты Марстың Солтүстік жарты шарындағы утопия жазығының оңтүстік бөлігінде алдын-ала таңдалған жерге қонды. Ровердің көмегімен осы аймақтың геологиясын зерттеу жоспарлануда.

Алғаш рет қытайлық ғарыш аппараты басқа планетаның бетіне қонып отыр. Қытай Марсты зерттеуге кіріскен АҚШ-тан кейінгі екінші ел болды.

https://www.youtube.com/watch?v=UUitNWOreGs

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4 / 5. Бағалар саны: 4

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button