ӘлемдеЖаңалықтар

ДДСҰ: Екпе вирустан 100% қорғамайды

5
(1)

Коронавирус пандемиясының бірінші жылымен салыстырғанда екінші жылы кісі көп өлуі мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы осындай көңіл көншітпейтін болжам жасап отыр. Тедрос Гебрейесустың айтуынша, әсіресе, Үндістан, Непал, Вьетнам, Таиланд пен Египеттегі жағдай алаңдатарлық. Бұл ретте мамандар әлем елдерін вируспен күрес және вакциналау бойынша күш біріктіруге шақырды. Десе де, ол екпе вирустан 100% қорғамайтынын тағы да еске салып отыр. Өйткені препарат қабылдаған адамдар індетті жұқтыруы мүмкін. Сондықтан ұйым басшысы: «шектеулерді алып тастау шешімі елде екпе салдырған халық санына қарай емес, коронавирустың таралуы деңгейіне қарай қабылдану керек», дейді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button