Жаңалықтар

Дана Нұржігіт: көңілдес болуға жарамаймын!

3.2
(5)

 

Белгілі журналист, бүгінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дана Нұржігіт «Ең алғашқы» бағдарламасына келіп, ақтарыла сұхбат берді.

Бұрынғы күйеуі, жалғыз ұлының әкесі Владимир Рерих туралы тележүргізуші былай деп пікір білдірді:
«Ол (ред.еск. – В.Рерих) – менің журналистикадағы ұстазым. Мен «Хабарда» жұмыс істегеніме 4 жылдай болған кез. Ол кісі бірінші болып сезімін білдірді. Мен қалай көңіл білдірем ол кісіге? Ол кісі отбасылы. Ол кісінің маған көңілі, ниеті барын ұқтым. Бірақ бірден айттым. «Мен көңілдес болуға жарамаймын». Мен ондай қарым-қатынастарда нюанс бар дегенді түсінбеймін. Мен үшін не ақ, не қара болуы керек. Сонда ғана ол кісі басы босады. Содан кейін біз қосылдық».

Алайда 15 жыл күтіп, балалы болған жұптың бақыты баянды болмады. Владимир Рерихпен қалай ажырасқанын Дана Нұржігіт өз сұхбатында айтып берді.

Өйткені мен, ол өзгерді, уақыт өзгерді. Біздің ортамыз өзгерді деп те айтуға болады. Иә, өйткені ол кезде мен балалы болдым ғой. Ол балалы келіншекке ондайды айтуға дәті бармады, өйткені Әлім тіпті кішкентай болды ол кезде. Мен өз еркіңде дедім, мүсәпір болғым келмейді, сұраушы болғым келмейді, өз күнімді өзім көре аламын дедім. Мен ешкімді қол жаюға, өзімнің өмірімді сондай жағдайға жеткізуге жол бермеймін. Ол жағынан мен өте намысты адаммын. Қалауың басқа адам болатын болса, бара ғой. Міне босаға, табалдырықты атта да, өміріңнің келесі кезеңіне өте бер дедім», – деді ол.

Ажырасу қашан да үлкен трагедия. Ажырасудан кейін ондай күйзеліске Дана Нұржігіт те тап болған. Алайда өмірдің барлық қиын кезінде Дана Нұржігіт «Алла денсаулық берсін, Алла кәсібімнен айырмасын» деп тілейтінін айтты.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.2 / 5. Бағалар саны: 5

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button