ЖаңалықтарСайрам ауданы

Президентінің Жарлығымен Түркістан облысында жаңа аудан құрылды

0
(0)

Түркістан облысында жаңадан тағы бір аудан – Сауран ауданы құрылды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  Ақордаға сілтеме жасап.

Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»  1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Түркістан облысының құрамында әкімшілік орталығы Шорнақ ауылында орналасатын Сауран ауданы әкімшілік-аумақтық бірлігі Кентау қаласының құрамынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерін бөлу жолымен құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 12 наурыз № 534

Бұл ұсынысты өңір басшысы алдымен, өткен жылдың соңында Кентау қаласы мен оның ауылдық округтерінің тұрғындарына ұсынған болатын. Жергілікті халық Сауран ауданын құру туралы Ө.Шөкеевтің бастамасын қуанышпен қолдады. Кентау қаласы Түркістан қаласымен қатар бірдей дамытылатыны жоспарланған.

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button