АймақтарЖаңалықтарТүркістан облысы

Түркістандағы мектептерде мұғалімдерді өз міндетінен тыс жұмысқа тартқан

1.7
(3)

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті биылғы алты айда 33 профилактикалық бақылау жүргізіп, барлық білім ұйымына нұсқама берген, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

Сонымен қатар 2020 жылдың 2-жартыжылдығында жоспар бойынша 24 білім ұйымына бақылау жүргізіледі. Бүгінгі таңда 10 профилактикалық бақылау жүргізіліп, орын алған кемшіліктерді жою үшін нұсқама берілген. Орындалу мерзімі бақылауға алынған.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте департамент басшысы Бақытжан Мұхамеджанов мәлімдеді.

Сондай-ақ 2020 жылдың басынан бері білім ұйымдарын лицензиялау бойынша 68 өтініш түсіп, 52-сі қанағаттандырылған.

Департаментке жеке және заңды тұлғалардан 9 айда 155 өтініш тіркеліп, 18-і бойынша тексеру тағайындалды. 9 лауазымды және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Білім заңнамасын бұзғаны үшін 14 лауазымды тұлғаға нұсқама берілді.

Төрт мектептің лицензиясы уақытша тоқтатылып, 90 АЕК көлемінде айыппұл салынған.

«Өтініштерге жүргізілген талдау нәтижесінде білім саласындағы мемлекеттік білім ұйымдарының басшыларын тағайындаудағы және оқушылар олимпиадасын өткізудегі бұзушылықтар, педагогтардың апталық жүктемесін дұрыс бөлмеу, білім ұйымының басшыларының мұғалімдерді міндетіне кірмейтін жұмыстарға жүктеуі, мамандандырылған білім ұйымдарына оқушыларды қабылдаудағы бұзушылықтар, педагогтардың әдеп нормаларын сақтамауы сынды жайттар орын алған», – деді департамент басшысы.

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті ҚР «Педагог мәртебесі туралы» заңының талаптарын сақтау аясында облыстың бірқатар білім ұйымдарында заңбұзушылықтарға жол берілгенін анықтаған.

Бұл істер ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 409-бабымен рәсімделіп, әкімшілік шара қолданылады.

Жыл басынан бері заңнама талаптарын бұзу, педагог міндетіне кірмейтін жүктемелерді міндеттеу және педагогикалық этиканы сақтамау фактілері 17 білім ұйымында орын алған.

Оның ішінде ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңының талаптарын сақтамаған 10 білім ұйымы басшыларына әкімшілік іс қозғалып, жазаға тартылған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1.7 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close