Ұлттық академиялық кітапхана «Online кітапхана» жобасын жалғастыруда

 292 

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапхана «Online кітапхана» жобасын жалғастыруда. Бұл жолы «КIТАПХАНА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМ» тақырыбында әлеуметтік желі қолданушыларына онлайн дәріс өткізді. Онлайн кездесуде Л. Н. ГУМИЛЕВ атындағы Еуразия Ұлттық университеті Ғылыми ктапханасының директоры Бақытжан Оразалиев қатысты.

Бақытжан Оразалиев кездесу барысында қазіргі таңда кітапхана саласының дамуы, оның ақпараттық қоғамда алар орны және цифрлық технологияның кітапханаларға әсері, электронды кітапханаларға сұраныс қандай болу қажеттігі жөнінде әңгімелеп берді.

Іс шараны жүргізген «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, IT технология саласының маманы, ақпараттық жүйелер бойынша маретолог Нұржан Жолдыбалинов болды. Нұржан Нұржанұлы қазіргі таңда қазақстандық кітапхана алаңындағы түрлендірілген ақпараттық бренд болып саналатын Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхананы жасаушылардың бірі.

Сондай-ақ, кеше ақын, Мәдениет саласының үздігі, Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Халықаралық және Республикалық айтыстардың жеңімпазы Мейірбек Сұлтанханмен «Кісіліктің кілті кітапта» атты онлайн кездесу өткізілді. Ақын кездесу барысында қазіргі айтысқа байланысты өз ойын айтып, өлеңдерін оқыды. Онлайн көрермендердің сұрақтарына жауап берді.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы оқырмандарға келесі қызметтерді онлайн көрсетеді. Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана – ҚазҰЭК www.kazneb.kz 24/7 режимінде қызмет көрсетеді. Порталды әлемнің 100-ден астам елінен пайдаланушылар қолданады және таңдаған құжаттарын онлайн түрде оқи алады. Айта кету керек, Қазақстаннан басқа порталға Ресей, АҚШ, Қытай, Түркия елдерінен пайдаланушылар көптеп кіреді. Одан басқа, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы ҚР Заңына сәйкес edd_nabrk@mail.ru электрондық поштасы арқылы кітаптарды электронды жеткізу мүмкіндігі бар. «Кітапханашыға сұрақ» виртуалды анықтама қызметі – барлық тақырыптық бағыттар бойынша ақпарат іздеуге байланысты ҚР ҰАК-ның қашықтықтағы пайдаланушыларына арналған онлайндық анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетеді. Аталған қызметтер күнделікті қабылданады және түскен ретімен 3-5 күнде орындалады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының ауқымды онлайн жобаларымен, қордағы сирек және құнды қоьжазьалармен, Қазақстанның Ұлттық электронды кітапханасы мен Балалар кітапханасының онлайн жобаларымен таныстырып, кітап оқуды жиі әлеуметтік желілер арқылы насихаттауды қолға алуда.

Бөлісу:


Және де: