13 сәуір күні Астанадан Алматыға бағыт алған ұшақ техникалық себептерге байланысты әуежайға қайта оралды, деп newsroom.kz хабарлайды El.kzақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Астана-Алматы» рейсін орындау кезінде баптау жүйесінің индикациясы іске қосылды. Экипаж ұшу портына оралу туралы шешім қабылдады», – делінген Scat әуе компаниясының хабарламасында.
Аталған рейс жолаушылары жақын уақытта басқа ұшаққа отырғызылады.
Айта кетейік, Астанадағы халықаралық әуежайының маңындағы қамыс өртенді.
Әлеуметтік желілерде таралған видеоларға қарағанда, өрт әуежайдың ұшу-қону жолағына жақындап қалған.
Халықаралық әуежай мәліметінше, бұл жайт әуе рейстерінің уақытына кері әсер еткен жоқ. Яғни Астана әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
