Жаңалықтар

Алматыда көшеде қызды алып қашқан бейнежазба тарады

Алматыда белгісіз біреулер көшеде кетіп бара жатқан қызды «алып қашқан», деп newsroom.kz хабарлайды sn.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Бейнежазбаға қатысты Алматы полициясы тексеру жүргізіп жатыр.

Тараған бейнежазбаға қарағанда, оқиға Алатау ауданындағы «Алматы Арена» кешенінің маңында болған.

Видео кадрларынан такси ұстап келе жатқан қызды ақ түсті көліктен түскен екі жігіт көлікке күштеп салып алып кеткенін көруге болады. Ал көліктің мемлекеттік нөмірі жоқ.

Бейнежазбаға қатысты Алматы полициясы тексеру жүргізіп жатыр.

«Алатау ауданының ІІБ полиция бөлімінің мәліметінше, «102» пультіне және олардың бөлімшелеріне бұл оқиғаға қатысты ешқандай дабыл, өтініш және арыз түспеген. Қазіргі уақытта жедел бөлімше мән-жайды анықтау мақсатында тексеру шараларын жүргізуде. Тәжірибеге сүйене отырып, бұл әдейі жасалған немесе шығармашылық түсірілім болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Бұл тек нұсқалардың бірі ғана. Тексеру шаралары міндетті түрде жүргізілетін болады», – деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Кейін алып қашқан қыз жағдайды түсіндірді:

«Бұл әлеуметтік эксперимент – пранк екенін айтқым келеді. Мен сол видеодағы қызбын. Менде бәрі жақсы, мені ешкім алып қашқан жоқ. Жұртшылықтан кешірім сұраймыз», – деді 2004 жылғы Т.есімді қыз.

Сондай-ақ полиция департаментінің ақпаратынша, «Шевроле Нексиа» автокөлігінің жүргізушісі, 1988 жылғы азамат әкімшілік жауапқа тартылды. Оған қатысты көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқару және жол белгілері мен таңбалары талаптарын сақтамау бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Фото: sn.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.