Жаңалықтар

Қазақстанда 9 жаңа су қоймасы салынады – Досбол Бекмағамбетов

ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитетінің баспасөз қізметі дереккөздеріне сүйене отырып, Қазақстанда Республикалық маңызы бар 120 каналға реконструкция жүргізіліп, 9 жаңа су қоймасы салынады деп newsroom.kz хабарлайды.

13-шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникация қызметі алаңында – ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитетінің төраға орынбасары Бекмағамбетов Досбол Боташұлы «Республикалық маңызы бар 120 каналға реконструкция жүргізу және 9 жаңа су қоймасын салу» тақырыбында брифинг өткізді.

Сөз басында Д. Бекмағамбетов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2021 жылдың қыркүйегіндегі «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» Жолдауыңда «Өңірлік саясатты жетілдіру» тармағын тоқталып:

«Қазақстан президенті су нысандарының экожүйесін сақтап, оны үнемді пайдалану үшін аса маңызды 120 каналды қайта жаңғыртуды және Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында жаңадан 9 су қоймасын салуды тапсырып, ауқымды жоба деп нақты атап өтіп үлкен тапсырмалар жүктеді» – деді.

Сонымен қатар, осы кезеңде Қазақстан Республикасындағы Су ресурстары саласындағы жағдай мен осы бағытта атқарылған және атқарылатын жұмыстар туралы айтып өтті.

Өзен ағысының көпжылдық динамикасы жергілікті және трансшекаралық ағындардың аз болуынан су ресурстарының азаюын көрсетеді.

Егер 2000-шы жылдары орташа көпжылдық өзен ағысы 120 текше километр болса, қазіргі уақытта ол шамамен 102 текше километрді құрайды. Бұл климаттың өзгеруіне және антропогендік факторларға байланысты.

Су ресурстарының азаюы және халықтың, экономика мен экологияның қажеттіліктеріне суды пайдаланудың өсуі жағдайында Қазақстанда 2030 жылға қарай су ресурстарының тапшылығы 23,2 текше километрді құрауы мүмкін.

Бұл мәселе су ресурстарына қатысты жағдайдын өңірлер бойынша әр түрлі болғандығынан күрделенеді. Елдің шығыс өңірі су ресурстарымен неғұрлым қамтамасыз етілсе, ал орталық Қазақстан (Нұра-Сарысу бассейні) ең аз қамтамасыз етілген. Оңтүстік және Батыс өңірлер шектес елдерге неғұрлым тәуелді болып табылады.

Сондықтан болжанып отырған су тапшылығы осы өңірлерге көбірек әсер етеді.

Сонымен қатар, Досбол Боташұлы Су ресурстар комитетінде орын алған проблемаларды шешу бойынша шараларды баяндады.

Қазіргі уақытта су шаруашылығының проблемалық мәселелері «Жасыл Қазақстан», «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» және «Агроөнеркәсіптік кешенді 2025 жылға дейін дамыту бойынша» ұлттық жобалар шеңберінде шешілуде.

Ауыл шаруашылығында 7 мың километрден астам суару желілерін реконструкциялау, 212 каналдағы суды есепке алуды цифрландыру және 16 гидротехникалық құрылысты реконструкциялау арқылы 2025-ші жылға қарай суару кезіндегі нормативтік емес су шығындары 4 текше километрге қысқартылатын болады.

Төраға орынбасарының айтуы бойынша каналдарды қайта жаңарту жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде.

Мәселен, 2019-2020 жылдары 1734 км канал жөнделіп, 111,5 мың га суармалы жер айналымға енгізілді. 2021 жылы 78 мың га суармалы жерді айналымға енгізу үшін 1050 км каналды қайта жаңғырттық.

5 жыл ішінде 8 облыста 120 канал жалпы сомасы 221 млрд. теңгеге қайта жаңғыртылады, оның ішінде РБ-дан 188 млрд. теңге және бюджеттен тыс 34 млрд.теңге  бөлінеді.

Бүгінгі күні 19 Жобалық Сметалық Құжатдайын, оның ішінде: Атырау облысы бойынша 5 және Түркістан облысы бойынша 14.

Жалпы алғанда, 120 каналды қайта жаңарту 2025 жылға қарай суармалы алқапты 2,2 млн. гектарға дейін жеткізуге және жыл сайын 800 млн.м3 суармалы судың шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

Қабылданған шаралар сондай-ақ ауылда 120 мың жұмыс орнын құруға және жыл сайын 510 млрд.теңге сомасына өнім өсіруге ықпал ететін болады.

Қазіргі уақытта Мемлекеттік Инвестициалық Жоба 120 канал бойынша әзірленуде, содан кейін экономикалық қорытынды алу үшін ҚР ҰЭМ қарауына енгізілетін болады.

Жоспарланған 41 авариялық су қоймасының 16 қалпына келтірілді. Нәтижесінде халық саны 120 мың адамнан асатын 16 АЕМ-де (Алматы, Ақтөбе, ШҚО, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Түркістан облыстары) су басу қаупі жойылды.Биыл тағы 6 су қоймасын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.Қалған 19-ы 2025 жылдың соңына дейін қалпына келтіріледі.

2025 жылға дейін қосымша су көлемін қамтамасыз ету үшін жинақтау көлемі 1,7 текше километрді құрайтын 9 жаңа су қоймаларының жобасы іске асыру жоспарлануда, оның ішінде: Ақмола-1, Алматы облысы-1, Жамбыл – 3, Батыс Қазақстан – 2, Қызылорда – 1, Түркістан-1, 59,4 млрд. теңге сомасына, оның ішінде 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетте 11,3 млрд.теңге қолдау тапты.

2021 жылы құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, көлемі 18,5 млн.м3 «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасы пайдалануға берілді.

2022-2023 жылдар кезеңінде 6 Жобалық Сметалық Құжаттарды әзірлеуді аяқтау жоспарлануда, бұл жалпы көлемі 1,6 км.м3 болатын Ырғайты, Ақмола, Қалғұты, Үлкен Өзен, Бұзылық, Қараөзек және Кіші Өзен су қоймалары.2023 жылы осы аталған қоймалардың құрылысын бастау жоспарлануда.

«Мемлекет басшысының осы жылғы 8 ақпандағы кеңейтілген үкімет отырысындаберілген тапсырмасына сәйкес жаңа су кодексі әзірленуде. Жаңа Су кодексін қабылдау елдің су-ресурстық әлеуетін сақтау, су үнемдеуге арналған кондырғыларды пайдалануға ынталандыру, су ресурстары мен суға сұранысты басқарудағы қоғамның рөлін арттыру, сондай-ақ саланы ғылыми сүйемелдеуді енгізу үшін негіз болады.Қазіргі уақытта жаңа Су кодексінің Тұжырымдамасы және ілеспе заң жобасы әзірленді.Жаңа Су кодексінің тараулары мен баптары жасақталуда.Кодекс жобасы бекітілген мерзімде Парламент Мәжілісіне енгізілетін болады» – деп ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитетінің төраға орынбасары Д. Бекмағамбетов мәлімдеді.

Өз сөзінің соңында Досбол Боташұлы Президентінің жанындағы Орталық коммуникация қызметі алаңына жиналған журналистер сұрақтарына жауап берді.Сонымен қатар, сәтті пайдалана отыра Д. Бекмағамбетов Су кодексінің жаңа жобасында, қоғамдық ұйымдар мен білікті мамандар тарапынан суды тиімді пайдалануға қатысты жаңа идеялар мен ұсыныстар жолданса нұр үстіне нұр болар еді және де өкілетті орган тарапынан қарастыруға дайын екендіктерін атап өтті.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.