Жаңалықтар

«ҰҚК Назарбаевтың жекеменшік конторасына айналып кеткен» – Серік Әбдірахманов

«Генерал Ерғожиннен 3 млд доллар табылған» – Әбдірахманов

Бұл туралы мемлекет және қоғам қайраткері, экс-депутат Серік Әбдірахманов «… Сұрауы бар» ютуб арнасына берген сұхбатында айтты деп newsroom.kz хабарлайды.

«Қаңтардан бері, міне, жарты жыл өтті. Шындық пен кінәлілердің аты аталған жоқ. Ал қамауға кімдер алынды? Негізгі айыпкерлер емес, орындаушылар. Ұлттық қауіпсіздік комитеті деген Назарбаевтың жекеменшік конторасына айналып кеткен дүние. Сол себептен өзін тарту керек еді. Тарта алмай отыр. Қаралып жатыр ол айыптылар. Сенейік!Қазір қоғамның көңілі сыбайлас жемқорлыққа ауып кетті. Ананы да, мынаны да ұстап жатыр. Анау бір маңқа генерал Ерғожиннің (Дәулет Ерғожин 2 ақпанда қамауға алынған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Ред.) өзінен 3 млрд доллар табылыпты. Қатардағы, саптағы 10-20-шы тұрған ұры жүйесінің өкілі», – дейді.

Осы тұста жүргізуші Ербол Сейілхан Ерғожинге қатысты мәліметті  спикерден қайдан білгенін сұраған еді.

«Тергеу орындары ақырын таратып жатыр. Сенімді адамдарым бар. Егер шынайы сыбайлас жемқорлықпен күрес басталса, біздің бюджет доллардың астында қалуы керек. Профицит үстіне профицит, ақшаны қайда жұмсаймыз деген ең басты проблема шығар еді. Ондай жоқ. Қанішерлердің аты аталған жоқ. Демек, барлығы ақырын «тормозбен» кетіп бара жатыр. Бұл Тоқаев үшін өте қауіпті жағдай», – дейді Серік Әбдірахманов.

Сұхбаттың толық нұсқасы төмендегі сілтемеде.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.