Жаңалықтар

Біртанов «екпені салдыру ерікті түрде салынады» деп сендірді

0
(0)


Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов балаларға салынатын екпеге қатысты наразылығын білдіргендерге жауап берді деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттінің тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы министр Facebook әлеуметік желісінде жариялаған.
«Соңғы күндері желіде Кодекске, оның ішінде міндетті екпе, сапасыз екпе мен сатып алу міндетін дұрыс орындамайтындар, екпені дұрыс тасымалдамайтындар мен вакцинадан кейінгі қиындықтар туралы әңгіме жиі көтеріліп кетті. Бұл – қоғамдық сананы ашық манипуляциялау.
Қазақстанда екпе салдыру– мәжбүрлі емес! Бүкіл әлемдегі секілді біздің елде екпе жасату – ерікті және міндетті болады.
Бірақ әрбір жағдайда ата-аналардың ақпараттық түрде келісім беруге немесе екпеден бас тартуға құқығы болады!
Екпе жасалмаған балалардың құқығын шектейтіндей ешқандай норма жоқ. Ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ететін, яғни балабақшаға баратын барлық баланың денсаулығын қорғайтын тек бір норма бар», – деді министр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close