Жаңалықтар

Декларация тапсырмағандар айыппұл төлейді

5
(1)

Қазақстанда декларация тапсырмаған тұлғалар айыппұл төлейді. Биыл жыл басынан жалпыға бірдей декларация енгізу  басталған болатын. Мемлекеттік кірістер комитеті декларациялаудың бірінші кезеңінің құжатын электронды түрде ұсыну мерзімі 2021 жылғы 15 қыркүйекте аяқталатынын жеткізді. Бірінші кезеңде жауапты мемлекеттік лауазымдағы тұлғалар мен  олардың жұбайлары декларация тапсыруы тиіс. Ал декларацияны белгіленген мерзімде ұсынбаған азаматтар  әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Егер тәртіп орындалмаса бірінші рет  ескерту беріледі. Ал бір жыл ішінде қайталанса, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Сондай-ақ анық емес мәлімет ұсынғандарға да әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button