Жаңалықтар

15 күнге созылған аштық

0
(0)

15 күннен бері аш отыр. «Обухов» кен байыту комбинатындағы жағдай оңалар емес. Зауыттан шыққан концентраттарды қайтаруды талап еткен 4 жұмысшы әлі аштық жариялап жатыр. Қызметкерлердің үшеуі 15 күннен бері, ал біреуі 12 күннен бері нәр татпаған. Наразылық танытушылардың жағдайы дәрігерлердің бақылауында болғанмен, қазіргі уақытта төртеуінің де қан қысымы төмендеген. Акционерлар арасындағы талас-тартыс, осылай кінәсіз жандарды қинап отыр. Аштық жариялағандар зауыт басшыларынан басқа ешкім жағдайымызды сұрап келмеді дейді.  Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасында айтылды, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы.

АБЗАЛ ИБРАГИМОВ «ОБУХОВ» КЕН БАЙЫТУ КОМБИНАТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: «15 күннің ішінде қатты проблема қылып, ешкім зерттеп жатқан жоқ. Ешкімге қызық емес бұл тақырып. Бұған дейін де бізді естіген жоқ. Әлі де естімей жатыр. Біздің мақсатымыз – біздің концентратты қайтарсын. Заңсыз алынған концентрат жатыр алдында-артында, нейтральное хранение, постоянно под дождем.Это вот сегодня 15-ый день. Это конкретный удар по здоровью, по-нашему. В любом случае, самый минимум – это гастрит, может дальше язва пойдет».

Айта кетейік, бірнеше ай бұрын аталған кен орнынан шығарылған концентраттар тәркіленіп, кейін зауыттың жарығы қиылған болатын. Мұны құқық қорғау органдары комбинат басшыларына қатысты қозғалған  іспен түсіндірген еді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button