Жаңалықтар

Алданған үлескерлер шу шығарды

0
(0)

Алданған үлескерлер. Елоданың сол жағалауынан баспана алған тұрғындар, пәтерді сатар уақытта уәдені үйіп-төккен мердігерге наразы. Себебі, кешенді жұртқа таныстырған сәтте жауаптылар бұл маңда аурухана да, мектеп те, қажетті нысандардың барлығы бой көтереді деп сендірген. Тіпті, сөздерін растау үшін қаланың сәулет жоспарын да көрсетіпті. Бірақ жұрт думандатып жаңа үйге кірген кезде жанына әлеуметтік нысандар емес, тағы да көпқабатты үйлер салынып жатыр еді. Шындық іздеп, ел шырылдап қала берді.
Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы көрсетілді, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы.

Елорданың сол жағалауынан баспана алған 30-ға жуық тұрғынның шағымы бір. Олар пәтерді сатып алатын уақытта мердігердің берген уәдесінің біреуі де орындалмаған. Мәселен, «Аңсар» көпқабатты кешенінің тұсына жоспар бойынша гимнастикалық кешен, емхана, мектеп салынуы тиіс болған екен. Бірақ, пәтерлерінің кілтін алуға келген жұрт үйлеріне жапсарлас тағы 9 қабатты үй тұрғызылып жатқанын біліп, таңданыстарын жасыра алмады.

АЙДАНА ФАЗЫЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Астана қаласының бас жоспарына сәйкес, бұл тұрғын үй кешенінің жанында 4 қабатты медициналық орталық және білім орталығы орналасуы керек еді. Пәтер таңдауымыздағы негізгі мақсат осы еді. Біз қаланың даму жоспарымен таныстық. Сәулет сайтына кіретін болсақ, сол жерде медициналық ұйым мен білім ұйымының орны көрсетілген болатын. Бұл дәл осындай қашықтықта тұрғын үй кешені болған жоқ».

Ал, зейнет жасына жеткен кісілер жақын жерге емхана салынады деген соң дәл осы кешеннен пәтер сатып алғандарын айтады. Себебі, «Жағалау» шағын ауданында медициналық мекемелер жоқтың қасы. Ал, басы ауырып, балтыры сыздаған әлеумет дәрігердің көмегіне жүгіну үшін қаланың елорданы шарлап, сағаттап кезек күтетіндерін айтады.

ҚАЙНУ ҚҰНАНБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Неге типовой поликлиниканы салмайды? Мына жерде қаншама үй салынып жатыр. Мына район жақсы салынып жатыр ғой. Үйлер көп мына жерде. Сол үйлердің арасында бір поликлиника жоқ. Бүкіл районда мынау Қайым Мұхмедхановтан Сығанақ көшесіне дейін. Хан Шатырдан Жағалауға дейін сол жерде поликлиника тіпті жоқ. Неге соны жоқ қылды? Генпланда бар нәрсені неге жоқ қылып отыр?».

Ал, кешенге жапсарлас салынып жатқан мына 9 қабатты тұрғын үй де жұрттың мазасын алған. Себебі, жоба бойынша екі ғимараттың ара қашықтығы бір-бірінен кем дегенде 35 метрді болуы тиіс. Бірақ, қағазда солай болғанымен іс жүзінде бар-жоғы 10 метрді ғана құрайды. Тұрғындар бұл олқылық төтенше жағдайлар тіркелген сәтте өрт сөндіру, жедел жәрдем көліктеріне аулаға кіруге қиындық туғызады ма деп алаңдап отыр.

АЙГҮЛ СЕРАЛЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Біз жуырда қолымызға үйіміздің кілтін алдық. Енді, жөндеу жұмыстарын бастаймыз. Пәтер сатып алатын уақытта отбасымызбен ауданды жан-жақты зерттедік. Мердігер компания болашақта  әлеуметтік нысандар  салынады деген соң қуанып осы үйді сатып алған болатынбыз. Міне, жаздың басында мұнда тағы 9 қабатты тұрғын үй салынатынын естіп, таңданысымызд жасыра алмадық. Біздің алдап кетті. Уәде етілген нысандар қайда?».

Үлескерлердің талабын жергілікті билікте растап отыр. Себебі, тұрғын үй құрылысына жауапты инспекция мамандары «Аңсар» кешенінің тұсына көпқабатты үй заң талаптарын өрескел бұзу арқылы салынып жатқанын анықтаған. Жұмыстарды тоқтату жөнінде нұсқама берілгенімен, мердігер ол талаптарды орындаудан бас тартқан. Осы жәйттен кейін қалалық сәулет басқармасы аудан жоспарын қайта қарастыруы мүмкін.

ЭЛЬМИРА АЛАГӨЗОВА, ЕСІЛ АУДАНДЫҚ ИНСПЕКЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: «Есіл ауданы Е-30 және Е-312 көшелерінің қиылысында көппәтерлі тұрғын үй кешенінің заңнамада белгіленген хабарламасыз және сараптамадан өткен жобалық құжатсыз құрылыс монтаждау жұмыстарын бастап кетті. Қазіргі уақытта нұсқаманың ұйғарымдары орындалмауына байланысты құжаттар әкімшілік сотқа дайындалып жатыр».         Бірақ, бұл маңдағы құрылыс жұмыстарының жақын күндері тоқтайтын түрі жоқ. Аумақта қым-қуыт тіршілік, жұмысшылар күні-түні еңбек етіп жатыр. Көпқабатты үйдің негізгі іргетасы қаланып та қойған. Сол себепті, сәулет жоспарындағы тек қағаз күйінде қалған әлеуметтік нысандардың салынуы екіталай. Ал, алданып қалдық деген тұрғындар мәселенің шешімін таппай тынбаймыз деп отыр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button