Жаңалықтар

Өскеменде ішіп алған әкімдік қызметкері қамалды

54 жастағы әйел 15 тәулікке темір торға тоғытылды да, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айрылды. 

Өскемендік полицейлер мас күйінде рөлге отырған әкімдік қызметкерін қамап тастады. Бұл туралы “Еуразия” бірінші арнасы хабарлайды деп жазады newsroom.kz порталы.

Ішімдікке сылқия тойып алып, жылжымалы вакциналау пунктіне көлікпен келген 54 жастағы әйел 15 тәулікке темір торға тоғытылды да, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айрылды.

Негізі ол өз шаурасымен кетіп бара жатып, екпеге арналған автобустың жабық тұрғанын, ал ондағы медиктердің бетпересіз бей-берекет жүргенін көріп тоқтаған екен. Осылайша, алкогольдің буымен өзгелерді жөнге саламын деп ойлаған шенеунік жұмысынан айырылды. Өйткені, қалалық әкімдік болған оқиға мен мемлекеттік қызметкердің этикасын сақтау мәселелері бойынша қызметтік тексеріс жүргізеді. Барлығын анықтағанға дейін ішкіш маманқызметтен шеттетілді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.